Қазақ тіліне арналған орта мерзімді жоспар
Қарағанды облысы, Ақтас кенті.
«Саран қаласы әкімдігінің №16 ОЖББ мектебі» КММ
Асем Батталовна-бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тіліне арналған орта мерзімді жоспар
№ | 1.Оқып—үйренудің негізгі мақсаттары | 2.Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | 3.Қазақ тілін үйренудегі тіл тосқауылын жеңу | 4.Оқып-үйренудің нәтижесі | 5.Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау | 6. Барлығын қосқанда | 7. Негізгі дерек көздер | |
І-модуль «Дыбыс және әріп» | ||||||||
1-модуль | Тақырыптар: 2 сыныпта өткенді қайталау Э-дыбысы В дыбысы Ф дыбысы В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері Ч, щ дыбыстары Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің Ц дыбысы Х,һ дыбыстары , олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емілесі. |
Өзге тілден енген дыбыстарды түсіндіруде сөзге байланысты суреттер көрсету.
АКТ, Ассоциация жинау, кластер құру, постер құру Суретті сызба, логикалық тапсырмалар.
Сергіту сәті Сөзжұмбақтар, ребустар, қызықты ойындар.
Шығармашылық тапсырмалар.
Рефлексия (стикерлер арқылы ой түйіндеу)
Өзінді тексер (өтілген тақырыптарға қатысты тапсырмалар) | 1.Аз уақыт ішінде көп сөйлету. «Жалғастыр», «Дұрысын тап» оқыта үйрету ойындарын ойнату.
| Күтілетін нәтижелер:
Өздерін бағалайды. Сөздің дыбыс пен әріптен тұратынын біледі. Сөздерге фонемалық талдаулар жасай отырып, шыққан жаңа сөздерге сөйлемдер құрай алады. Оқушылар өз ойын жүйелі жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.
| Суретті сызба және логикалық тапсырмаларда бірін-бірі бағалау, Өзін-өзі бағалау, топты бағалау
| Төмен деңгей Жаттығу түрлері: Ребусты шеш-шешуіне 4 сөйлем құр, көп нүктенің орына тиісті әріптер қой, сөздер тізбегін жаз (5 сөз), суретке қарап 4 сөйлем құр, шеңбер бойындағы сөздерден 2 сөз шығар, сөзден 4 сөз шығар. Орта деңгей Жаттығу түрлері: Ребусты шеш-шешуіне 6 сөйлем құр, көп нүктенің орына тиісті әріптер қой, сөздер тізбегін жаз (7 сөз), суретке қарап 6 сөйлем құр, шеңбер бойындағы сөздерден 6 сөз шығар, сөзден 6 сөз шығар, айтылуы мен жазылуы бөлек сөздерге мысалдар келтір. Жоғары деңгей Жаттығу түрлері: Ребусты шеш-шешуіне шағын әңгіме құр, көп нүктенің орына тиісті әріптер қой, сөздер тізбегін жаз (8 сөз), суретке қарап шағын мәтін құр, шеңбер бойындағы сөздерден 8 сөз шығар, сөзден 8 сөз шығар, берілген суретке қарап сипаттау мәтін құра.
| Қазақ тілі оқулығы 3 сынып, қосымша тапсырмалар, түрлі дереккөздерден. (балаларға арналған газет-журанлдардан, ғаламтор беттерінен) | |
Мақсаты: Білу | Өткен сыныптарда алған дыбыс және әріп ұғымыны пысықтау. | |||||||
Түсіну | Суретті сызба және логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артады. | |||||||
Қолдану | Жаттығу жұмыстарын өзара талдау арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянады, сауатты жазуға, әр сөзді дұрыс айтуға үйренеді. | |||||||
Талдау | Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қоры жетіледі, ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Алған білімдерін қолдана біледі, өз бетімен талдау жасайды. | |||||||
Жинақтау | Осы өткен тақарыптар бойынша жұмбақтар құруда, ізденімпаздық жұмыстар жасауға үйренеді. | |||||||