Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық:
— Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәтілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Үй жұмысын тексеру: Жаттығу 187. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
- Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.
— Көркем жазу минуты: Пп Пенал ……..
— Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:
Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.
- «Бой сергіту» — ойыны. Өткенді қайталау:
— Сөйлем нені білдіреді?
— Сөйлем нелерден тұрады?
— Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
— Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
— Бастауыш деген не? – сұрақтары — ?
— Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?
— Тұрлаулы мүшелер деген не?
— Тұрлаусыз мүшелер деген не?
- Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.
Тақтада сөйлем: — Мен туған елімді сүйемін.
Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)
- Біз қай елде тұрамыз?
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
- Әңұранның авторлары кім?
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Туымыздың авторы кім?
- Оқулықпен жұмыс. 70 бет. Жаттығу 189.
1 қатар – 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;
2 қатар – 2-ші жұмбақты;
3 қатар – 3-ші жұмбақты.
- Сергіту сәті: Қоян шықты далаға
Жан-жағына қарады
Отырды, тұрды, секірді,
Орнына келіп отырды.
- Ауызша жаттығу 190. Ребусты шешу. ( Шаңғы). Осы сөзбен сөйлем құрастыру.
- Жазбаша жаттығу 191. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
— Балалар мұз айдынына келді.
— Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр.
— Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.
— Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.
— Оған достары көмектесті.
- Жатқа жазу. Мақал: Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Мақалдың мағынасын ашу.
- Өз бетінше жаттығу 195. Жазбаша.
- Шығармашылық жұмыс: Мәтінді аяқтап жаз:
Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді. ………………………………………………………………………………………………..
Қорытынды: — Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады? — Венн диаграмма құрастыру :
Бастауыш баяндауыш
Үйге: жаттығу 194 , 72 бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсету) . Бағалау.