Дара және күрделі етістік
Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі етістік»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Етістік туралы түсініктерін кеңейте отырып,дара және күрделі етістіктің жасалу ерекшеліктерін меңгерту.
Ә) Дамытушылық: Жеңілден күрделіге көше отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,сауатты,көркем жазуға баулу.
Б) Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ұқыптылыққа,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді бекіту
Сабақтың типі:Жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыка
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,салыстыру,түсіндірмелі,көрнекілік әдісі,талдау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,мультфильм,бейнетаспа.
Сабақтың кезеңдері | Сабақ барысы |
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
3.Өтілген тақырыпты пысықтау
5. Тақырыпты бекіту
6.Сабақты қорытындылау
7.Үй тапсырмасы
8.Бағалау
| 1.Балалар,бүгін бізде қазақ тілі сабағы. Сабаққа әзірміз бе? 2. Қандай мереке жақындап келеді? 8-наурыз –Халықаралық әйелдер күні.Аналар,әжелер,қыздар мейрамы. -Ендеше ,бүгінгі сабағымызды аналарымызға арналған өлең жолдарымен бастайық. Анам мені «Айым»-дейді. Мен мұңайсам,уайым жейді. Анам мені «Күнім»-дейді, Мен қуансам күлімдейді. -Бүгінгі біз сабағымызда аналарымызға арнап, гүл теруге шығамыз.Ол үшін біз екі топқа бөлініп алайық.Топ басшыларын сайлап алыңдар.Әр топ өздерінің аты мен ұранын ойластырады. 1топ: атымыз: «Білімділер» Ұранымыз: Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз, Білімді болып шығамыз.
-Балалар,біз гүл тере отырып,бірнеше тапсырмаларлы орындаймыз.қай топ гүлді көп жинайды сол топ жеңіске жетеді. Зат есім,етістік тақырыбын қаншалықты меңгергендігімізді білу үшін тест сұрақтарына жауап берейік. Тест 1.Заттың қимылын білдіретін сөз А) зат есім ә)сын есім б)етістік 2.Ұшып барады етістігі: А) күрделі етістік ә)дара етістік б) туынды етістік 3.Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтары қай сөз табының сұрақтары? А) етістік Ә) сан есім б)зат есім 4.Көкшетау,Сырдария,Асқар сөздері зат есімнің қай түріне жатады? А) жалпы есім ә)жалқы есім б)жекеше түрі 5. Етістіктің сұрақтарын белгіле А) қандай?қай? ә) кім?Не?б)Неістеді?Неғылды? Қайтті?(жұппен тексеріп бағалау) Бүгін біз «Дара және күрделі етістік» тақырыбын одан әрі жалғастырамыз 1.«Артық сөзді тап» Жақсы көреді,еркелетеді,оқулық,күлімдейді,сүйеді,ақыл айтып отырады.(Оқушылар сөздердің қай сөз табына жататынын , әр етістіктің неше сөзден құралған айтып,дара және күрделі етістік екенін дәлелдейді) «Жылдам ойла!»1. Оқулықпен жұмыс 140-бетті ашайық.390-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Етістіктерді тап.Әр топтан 1 сөйлемнен оқып,етістіктерге сұрақ қойып,етістіктің түрін ажыратып,дәлелдеп,тақтаға орындайды.жазады. 1-топ «Әже»тақырыбына өлең ұйқасын құру. Мені жақсы көреді, Оқушылар құраған өлеңдерін тақтаға шығып оқып береді. Оқулықпен жұмыс. 391-жаттығудың тапсырмасын оқиық. Әтеш шырылдайды Мысық ызыңдайды Шегіртке арсылдайды Ит шақырады Маса мияулайды
4.Мультфильм тамашалау «Ғажайыпстанға саяхат» —Балалар,сендер мультфильм тамашалағанды ұнатасыңдар ма ? —Ендеше, бәріміз мультфильмді тамашалай отырып,қимылды білдіретін сөздерді анықтап,дәптерімізге жазамыз. Оқулықпен жұмыс392-жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу,етістікті тауып,сұрақ қойып,астын екі сызықпен сызу
-Осы жинаған гүлдерімізді анамызға табыстау үшін үйге жол тартамыз. Үй тапсырмасы: 141-бет 394-жаттығу сурет бойынша шағын әңгіме жаз Бүгінгі сабағымызды анаға арналған тілектерімізді г күн сәулесіне жазып,күн шуағын құрастырамыз
|