Етістік

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін  еске түсіру,қайталау.

Дамытушылық:Оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін байқау,дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру,белсенділікке,ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы етістік туралы берілген білімді еске түсіру

Сабақтың түрі:Қайталау сабағы

Сабақтың өткізу әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс:Математика,ана тілі,дүниетану.

Қолданылатын стратегиялар:Топтастыру,түртіп алу,,болжау,5 жолды өлең,рафт, Венн диаграммасы т.б.

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,ребустар,фигуралар т.б.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту кезеңі:

1)Ұйымдастыру кезеңі

2)Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі жарық мейірімді,

Болып кетер дереу сонда жан-жағым.

3)Өткен сабақты бекіту

Жаңа сабақ

Миға шабуыл:1)Сөз табы деген не?  2)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-Балалар ,біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден  ерекше болмақ.Өйткені жұмыс түрлері өте көп.Сондықтан сіздерден жұмыла,белсенді  жұмысқа кірісулеріңізді сұраймын.

-Үстел үстінде 3 түрлі фигура қиындылары бар.Әркім өзіне ұнағанын таңдап алады.

-Бұлар қандай фигуралар?

-Геометриялық фигуралар

-Мінеки,фигуралар арқылы жаңа жұмыс тобын құрдық.Осы топтар бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Ал енді бәріміз тақтадағы ребусқа  қараймыз.Ребусты шешіп көрейік.

Екі етіктің суреті және ортасында  «С» әрпі бар ребус.Шешуі:Етістік.

ІІ.Мағынаны тану кезеңі:

Онда етістік туралы жалпы не білетініміз туралы топтастыру жасау.

Анықтамасы

Жасалуы                                                       Дара

Болымды                                                         Күрделі

 

Болымсыз                                                 Туынды

Негізгі

 

380 -жаттығу

Түртіп алу стратегиясы бойынша мәтін таратылып,жұмыс жүргізіледі.

V білемін—         білмеймін+ жаңа ақпар? таңғалдырады

 

Сөздікпен жұмыс:Месопатамия-Кіші Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің елі;шық себет-қол өнермен жасалған корзина;қыш кітап-керамика,яғни балшық,құм,жер құрамын суға езіп,арнайы қалыпқа салып,оған деректер жазып,кептіріп,отқа қақтайды.

381-жаттығу

Жұмбақты шешіп,оны жатқа жазу

1-топқа:жұмбақты тақтаға жазып,етістіктің астын сызу,сұрақ қою.

ІІ-топқа: етістіктің дара немесе күрделі екенін анықтау.

ІІІ-топқа:дара етістікті күрделі етістікке айналдыру.

382-жаттығу Сурет ілінеді.

-Келесі тапсырма не туралы екенін анықтау.

Кодоскоптан мәтіннің  үш бөлігі оқылып,үг болжау сұрағы қойылады.

-Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

-Әрі қарай  не болды?

-Ал сендер өздерің автордың  орнында болсаңдар не істер едіңдер?Оқиғаны қалай аяқтар едіңдер?

383жаттығу.І топқа:дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып ,сөйлем құрау;ІІ топқа:мына сөздер қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасап,сөйлем құрау;ІІІ топқа:Мына берілген сөздер  қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасапсөйлем құрау

ІІІ.Ой толғаныс кезеңі:

Ітопқа382-жаттығудағы Шанаға 5 жолды өлең құрастыру

ІІ топқа Зат есім мен етістікті салыстыру Венн диағграммасы арқылы салыстыру

ІІІ топқа «Етістікті дұрыс меңгер!»тақырыбында рафт құрастыру.

Бағалау

Үйге тапсырма:Көркем әдебиеттен болымды және болымсыз етістіктерге 3-4 сөйлем жазып,етістіктерді сөйлем құрамына талдау.