Сөйлем
Тақырыбы : Сөйлем
Мақсаты : а) Білімділік : Сөйлем және оның түрлері .
ә) Тәрбиелік : Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат анасы ондағы өсімдіктер дүниесі құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу .
б) Дамытушылық : Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты , көркем жазу дағдыларын қалыптастыру .
Сабақтың түрі : Дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабақ.
Көрнекілігі : Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет , жасалған құстардың суреті.
Сабақтағы жаңа технологиялар :
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы :
- Қызығушылығын ояту
- Мағынаны тану
- Ой – толғаныс .
Сабақтың өтілу барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың білімді және саналы түрде меңгеруге дайындау .
- Білімді жан – жақты тексеру кезеңі .
1) Көркем жазу минуты .
Бір , екі үш ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашпайық .
Әдемі етіп жазайық .
Әдемі жазған оқушыларды мадақтау.
- Балаларға ертегіні бастап айту .
1-тапсырма .
1,2,3,4,5,6 сандарының бойымен иректелген сызықтар арқылы әріптерді табу .
Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Сөйлем »
Сөйлем сөзден құралады .
Тиянақты ойды білдіреді .
Е: Көгершін әрі қарай теректі емдейтін дәрігер іздеп жолға шығады . Ол жолда сауысқанды көріп, болған жағдайды баяндайды. Сауысқан тілегін орындамайды.
Ендеше біз мына тапсырманы орындайық .
139 – жаттығу (ауызша)
5 сөйлем бар.
Е: Көгершін енді қырғауылға жолығып , болған жағдайды баяндайды . Ол да тілегін орындамайды.
140- жаттығу . Ребусты шешу . ( ауызша )
Е: Көгершін бұлбұлға жолығады .
141- жаттығу . (сурет бойынша әңгіме құрау )
Дәптерге жазып отыру .
Сергіту сәті
«Ұшты –ұшты » ойыны
Е: Көгершін аққуға жолығады. Ол да өз тіршілігі барын айтады.
142- жаттығу . Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құрау .
Е: Көгершін орманды кезіп жүріп бір құсқа жолығады. Ол құс теректі емдеп жазады
Проблемалық сұрақ : Ол қандай құс деп ойлайсыңдар ?
Балалар : — Тоқылдақ
— Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға
болады.
— Тоқылдақ – орман дәрігері .
Қорытынды . нүкте
хабарлы
лепті сұраулы
леп белгісі сұрақ белгісі
Міне , содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен.
Біз жасыл өсімдіктерді , ағаштарды күтсек , біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білдіңдер .
Оқушыларды бағалау .
Бүгін бізде қонақта болған достықтың , әдеміліктің белгісі
Ақ көгершіннің құрметіне « Ақ көгершін » әнін орындайық .
Рахмет балалар , сабағымыз аяқталды.