Мәтін деген не ?
Сабақтың тақырыбы : Мәтін деген не ?
Сабақтың мақсаты :Мәтін туралы түсінік беру .Мәтіндегі негізгі ойды анықтау
1Білімділік :Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп ,білімдерін жүйелеп жинақтау .Сурет бойынша әңгіме құрай білуг жаттықтыру .
Тәрбиелік : Оқушыларды сауатты көркем жазуға баулу .Өз елінің жан –жануарларын қорғауа машықтандыру .
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін .сөйлеу мәнерін тілін дамыту ;Мәтін құрастыруға ,мазмұнына лайықты ат қоя білуге , байланыстырп сөйлеуге дағдыландыру .
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі :Жаңа
Сабақтың әдісі :ізденушілік ,танымдылық ,сұрақ –жауап, ұжымдық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану күнделікті өмірмен байланыс .
Көрнекілігі :компьютер ,суреттер
Сабақтың барысы : 1 Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа дайындау
- Өткен сабақты қайталау
-Бүгін біз дауыссыз дыбыстарды қайталай отырып тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысымыз .Білім сарайына қонаққа барамыз .
-Білім сарайына кіру үшін ,есікті шау үшін бізге не керек ? -Кілт. -Балалар , дұрыс ,тағы не керек ? -Білім . -Білімді көрсету үшін ойын арқылы сұрақтарға жауап береміз .
Ойынның аты -«Сан қатары»
Сандар шашылып тұр.Сандарды дұрыстап қойсақ бүгінгі жаңа сабақтың аты шығады .Ал сан қатарын ретімен қояйық .Әр санның қатарында сұрақ бар .Сол сұраққа жауап беру керек .
1.М Қазақ тілінде неше әріп бар ?
2.Ә Дыбыстар неше топқа бөлінеді ?
- Т Дауысты дыбыстардың түрлерін ата ?
- І Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата ?
- Н Нмен Ң дыбыстары дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады ?
Енді « Мәтін » сөзіне дыбыстық талдау жасайық .
М- дауыссыз, үнді
Ә- дауысты ,жіңішке
Т- дауыссыз ,қатаң
І- дауысты , жіңішке
Н- дауыссыз , үнді
5-әріп ,5-дыбыс ,2- буын мә-тін
-Білім сарайының есігі ашылды .Енді барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындауымыз керек .
3.Көркем жазу . Дәптерімізді ашамыз ,бүгінгі күн, ай жазып тақтадағы элементтерді әдемілеп жазып шығайық.
-Білім сарайында бөлмелер көп .Сол бөлмелерге кіру үшін тапсырмалар орындауымыз керек . 1-слайд 1- бөлмеде
-Қазір қандай ай?.Қандай мезгіл ? / Күз мезгіліне 2-3 сөйлем құрастыру ./ Күз.
Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады .Құстар жылы жаққа ұшып кетті .
-Әріптерден қатыстырып не жаздық ?/ Сөздер жаздық /
-Сөз арқылы не құрауға болады ?/ Сөйлем құрайды /
-Сөйлем арқылы мәтін құралады екен .
2- слайд . 2-бөлме Тақырыбы болады .
Жазбаша және ауызша Мәтін Бірнеше сөзден құралады .
ой жеткізу
бір-бірімен мағынасы жағынан
байланысып тұарды .
Мәтін үш бөлімнен тұрады
Кіріспе қорытынды
негізгі
4.Кітаппен жұмыс 3-бөлме .
190-жаттығу Бірінші ,екінші бағандағы сөздерді салыстырып оқы ./ауызша орындалады /
4- бөлме Ереже /3- слайд/
Мәтін мағына жағынан өз ара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қоюға болады .
5-бөлменің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс/ 4-слайд /
191-жаттығу орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра /тақтаға орындалады ./
Мынау –менің бөлмем .Бөлмемнің ауасы таза . Оның терезелері үлкен .Оң жақта менің төсегім .Сол жақта үстел орындықтар қойылған .
6-бөлме Сергіту сәтті/ 5-слайд./
7-бөлме 192 –жаттығу Мәтінді оқып ,ат қой .
Сұрақтарға жазбаша жауап бер.
1Бұғы қандай жануар ?
2.Оның қандай ерекшеліктері бар ?
3.Солтүстік бұғысы немен қоректенеді ?
-Мәтін неше сөйлемнен құралған ?Мәтінге қандай ат қойюға болады ?
8-бөлме 194 –жаттығу Қайысысы мәтін екенін дәлелде . /ауызша талдау /
5Үйге тапсырма
193- жаттығу.
6Сабақты қорыту
«Танып ал »ойыны мәтін құрау .
- Бағалау .