Дара және күрделі сын есім
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру,
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту,
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Психологиялық дайындық. (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу).
3) Үй жұмысын тексеру «Сыңарын тап» ойыны.
(Терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ-қатты, жуан-жіңішке)
А) Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
4) Жеке карточкалармен жұмыс. Тексеру. Бағалау. (4 оқушы).
ІІ. Жаңа тақырып: 1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2) Дәптерге ай, күнді жазу.
3) Көркем жазу:
Әдепті бала ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
-Мақалды оқу. Мағынасын түсіндіру.
19 -жаттығу-Көшіріп жазу. Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.
Ереже құрастыру. (Кесте бойынша)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 20-бет (оқу, талдау)
21-жаттығу (тақтада, жазбаша )
-Сын есімді табу. Дара, күрделі екенін айту.
-Дара сын есімдернеше сөзден тұрады? Күрделі сын есімдер ше?
22-жаттығу. (Ауызша оқу). Терме жұмысы.
ІV. Сергіту сәті. «Менің есімім» (өз есімінің бастапқы әрпіне өзіне лайықты жақсы қасиетт айту).
- Бекіту. 22-жаттығу. Өздік жұмысы.
VІ. Қорыту. 1) Венн диаграммасын толтыру.
VІІ. Үйге 23-жаттығуVІІІ. Бағалау