Сан есім
Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1– жаттығу
«Марқакөл қорығы» тақырыбына әңгімелерін оқытамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан — жақты білімдерін тексеру Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
2- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз. Бұлар қандай сан есімдер? Есептік пе, әлде реттік пе?
3 — жаттығу Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?
4 — жаттығу сандарды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 5 — жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сан есімдермен байланысқан сөзімен бірге теріп жаз.
ҮІІ Қорытындылау
— Балалар, бүгін біз не үйрендік?
— Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.
ҮІІІ Үйге тапсырма: 6– жаттығу. ІХ Бағалау