Есімдік туралы жалпы түсінік
Қазақ тілі
Мақсаты: есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің анықтамасы, мағыналық, тұлғалық белгілері, қолдану ерекшелігі туралы түсінік беру; оқушылардың өз ойларын жүйелі, сауатты, дәлелді жеткізе білуге үйрету; адамгершілікке, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу.
Көрнекілігі: тірек — сызба, интерактивті тақта, ойын түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тиянақтау.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1.«Кім жылдам» ойыны. Берілген өлең жолдарынан өздік есімдікті тауып, толық анықтама беру.
2. Тақтамен жұмыс.
- Кітаппен жұмыс. Сөйлемдерді көшіріп жазып, өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтау./ 7 – жаттығу /
Мысалы: өзінің — өздік есімдігі, түбірі — өз, — і – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы, — нің – ілік септігінің жалғауы, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
8 – жаттығу
Көп нүктенің орнына есімдіктерді қатыстырып сөйлем құра
Сергіту сәті
9 – жаттығу
Мәтінді көшіріп жаз.
10 – жаттығу Мақалдарды оқып, есімдіктерді тап.
11 – жаттығу. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қатыстырып жаңылтпаш құра
Ребусты шеш.
V. Бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы.
12 – жаттығу