Есімдік. Жіктеу есімдігі
Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүние танымын қалыптастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Есімдік. Жіктеу есімдігі».
Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Мен оған хат жазып тұрамын. Мұндайда кім қуанбайды дейсіз?
Қарамен жазылған сөздер есімдіктер деп аталады.
Мысалы: Бірінші сөйлемдегі Талғаттың есімін екінші сөйлемде ол есімдігі ауыстырып тұр. Үшінші сөйлемдегі баяндаушы адам мен Талғаттың есімдерін тағы да мен, оған есімдіктері алмастырып отыр. Төртінші сөйлемде зат есім орнын кім есімдігі басқан.
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады.
Есіңде ұста!
14 — жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, көшіріп жазу.
15- жаттығуды оқып, есімдіктерді табу.
V. Бекіту сұрақтары: ҮІ. Рефлекция:
— Сонымен нені өттік?
Нені қайталадық? Нені оқыдым? Нені білгім келеді?
17 — жаттығу. Есімдіктің мағыналық түрлеріне мысалдар кірістіре отырып, «Біздің сынып қызықтары» деген тақырыпта шағын әңгіме жазу.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Жіктеу есімдігін қатыстырып бес сөйлем құрап жазу. Ережелерді қайталау. 18 жаттығу.
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау.