Сөйлем мүшелерін қайталау

Қазақ тілі 4 класс

Тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау

 

Мақсаты: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау, еске түсіру,

білімдерін пысықтау. Еркін сөйлеуге баулу, сауаттылығын көтеру.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

Достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабактың көрнекілігі: жаттығу ережелері,үлестірме қағаздары, сынау

үлгілері, белгілейтін көрсеткіш, Венн диаграммасы.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Кіріспе бөлімі:

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
  2. Сабақ мақсатын хабарлау, дәптерлеріне күн ретін тақырыпты жаздыру
  3. Көркем жазу минуты
  4. Тартіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын

тыңдауды ескерту.

  1. Жаттығу ережелері бойынша өте жақсы жауапқа – 5 ұпай

Жақсы жауапқа – 4 ұпай

Орташа ұпайға – 4 ұпай

 

ІІ. Негізгі бөлім:

«Зымыран сұрақ»

Үш топқа бір уақытта бірдей сұраққһтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қортып,нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15-секунд белгіленеді.

— Сөйлем  мүшелері неше түрге бөлінеді?

— Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.

— Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?

— Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

— Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады?

 

« Ой жинақтау, талдаумен»

Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы,тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2-минут беріледі.

1.Топ тапсырмасы: Кім? Нені?Не істеді? (Зайра шәй жасады)

2.Топ тапсырмасы: Не?  Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі

3.Топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)

 

«Жұмбақ  сөз»

Әр топқа жеке — жеке мақал — мәтел айтылады. Ол үшін баяндауышты үнсіз айту белгісімен оқыймын. Жасырған  сөзді тауып оны орыс-тілдеріне аудару керек, ойлануға 1-минут.

1.Топ тапсырмасы: Ақылды адам арын (қорғайды) сараң адам

малын(қорғайды)

  1. Топ тапсырмасы: Ақылды кісі ісіне (сенеді) Ақымақ кісі күшіне (сенеді)
  2. Топ тапсырмасы: Болат қайнауда (шынығады) Батыр майданда(шынығады)

 

«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»

Үлестірме қағаздар беріледі. Берілген мысал ережеге сай емес екендігін айтып дәлелдейді. Ойлануға  2-минут, жауап беруге 1-минут.

1.Топ №1 үлестірме

Мысал ереже.     1. Жадыра қалаға келді. Тұрлаусыз мүше.

  1. Қызыл ала. Зат  есім.

Анықтамаға сайма.

«Нұсқалықты  сөйлет»

Ойланып жауап беруге 1-минут.

1.Топ: Сөйлем мүшелері бойынша кесте құрастыру.

2.Топ: Әрі қарай сөйлем мүшелерінің кестесін жалғастырады.

3.Топ: Кестені жалғастырады.

 

ІІІ. Қорытынды кезең:

Сабақты қорту. Топтардың ұпай санын санау, кестеге белгілеу. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: Кез-келген 1 мәтінді көшіріп жазу, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін белгілеу.