Сын есім
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаты: Сын есім туралы теориялық білім беру. Заттың әртүрлі
белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
Сауаттылыққа, жазу, каллиграфиясын, тілін жетілдіру.
Логикалық ойлау жүйесін дамыту.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Корнекіліктер: жемістер, азық-түліктер, ойыншықтар, кесте, плакат, топтама,
тірек сызбалар, дидактикалык парақшатар.
Түрі: аукцион, жаңа білім сабағы
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша
жазу жұмысы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Өткенді пысықтау
ІІ. Негізгі кезең: жаңа сабақ
- Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.
- Мынау не? (алма)
- Түрі қандай? (қызыл)
- Көлемі қандай? (үлкен)
- Дәмі қандай? (тәтті)
- Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)
- Оны сапа дейді.
Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Осы ерекшеліктерді кестеде көрсетіп, сұрағын оқып, жауабын қалтащаға салайық. Ереже шығару.
- Кітаппен жұмыс 163 жаттығу орындау. Жұпар иіс сөзіне мәндес сөздерді табу.
- 164 жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу. Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде айтқызу.
- «Сұр қоян» әнін әр түрлі қыймылдар жасап айтқызып, ішінен сын есімді тапқызу.
- 165 жаттығу. Мына мақалды оқып жатқа жазайық. Мақалдың мағынасын түсіндіру:
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұруын сызбамен көрсету.
- «Мақал, қуаласпақ» ойыны. 1 топ мақалды быстайды. 2-ші топ жалғастырады. 3 топ осы мақалдың ішінен сын есімдерді тез тауып дәптерлеріне түртіп алады және оқып береді.
- 167 жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін «аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.
Үй, сиыр, көйлек, тамақ.
- Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер, көрейін. Білімдерің өмірге
жарапты.
Барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын!
ІV. Сабақ қорыту. Сұрақтар қою. Бағалау.