Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сөз туралы,олардың кейбір түрлері жайында білімдерін пысықтап,тағы бір түрі,мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.
  2. Сөз мағынасының түрлері жайлы берілген ұғымды ісжүзілік дағдылар арқылы одан әрі дамыту,сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.
  3. Оқушыларды шапшаңдыққа,жинақылыққа,тазалыққа,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер,кесте,сигналдық белгілер,үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ынталандыру

Шаттық шеңбері электрондық оқулықтан қайталау

  1. Үй тапсырмасын тексеру: тақтадағымен салыстыру,өз-өзін бағалау.
  2. Сабақ мақсатын хабарлау
  • Балалар,кім ғарышкер болғысы келеді?
  • Неліктен?
  • Бүгін біз сендермен ғарышқа саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз әсем планета- Жерден, біздің Қазақстандағы «Байқоңырдан» басталады. «Жаңалық», «Білгірлік» планеталарында боламыз.
  1. Өткенді пысықтау.
  • Ракетамыз ғарышқа ұшуы үшін екі тапсырма орындауымыз керек.
  • Корабль экипаждары ғарышқа ұшуға әзір ме,тексереміз.

I-қатар – I-экипаж

II-қатар – II-экипаж

III-қатар – III-экипаж

  • Әр экипаждың бір мүшесі бір сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, бүкіл экипаж корабльде өз орындарын алады.

1-тапсырма:

  1. – Сөз дегеніміз не?
  2. – Сөз неден құралады? Сөйлем ше?
  3. – Мағыналарына қарай,сөздің қандай түрлерін білеміз?

2-тапсырма:

  • Ғарышқа ұшу үшін екінші тапсырманы орындайық.

 

I-экипаж:

  • Араның екі мағынадағы суретін пайдаланып,екі сөйлем құрасырып жазыңдар.

Кесте пайдаланылады

 

Ара (жәндік) — Ара гүлге қонды.

Ара (құрал) – Ара- ағаш кесетін құрал.

II-экипаж:

  • Көп нүктенің орнына солсөзге мағынасы жуық сөз тауып, жаз.

Әдемі…

Батпақ…

Тамақ…

Аяз…

III-экипаж:

  • Берілген сөзден, ондағы әріптерді пайдалана отырып, бірнеше сөз құраңдар.

Қала-қал, ал, ала, ақ, лақ, алқа.

  • Жарайсыңдар! Барлық экипаж тапсырмаларды дұрыс орындады. Ғарышқа ұшуға әзірленейік.

Сергіту сәті

  • Ракетаны ұшыруға дайындық.
  • Моторды іске қосайық.
  • Тетіктерді қосайық.
  • Бір,екі,үш.

Ракета «Байқоңыр» космодромынан ұшырылды.

  1. Жаңа сабақ.

Суреттегі «Жаңалық» планетасына ракетаны жылжыту.

  • Алғашқы қонатын планетамыз «Жаңалық» деп аталады.
  • Бұл планетада,атына лайық, мағынасына қарай жаңа сөздермен танысасыңдар.

Тірек кестемен жұмыс

  1. Қант … болады,бұрыш … болады.
  2. … кісі бастар, … кісі қостар.
  3. Қант … болады, ал көмір … болады.
  4. … бала – қуаныш, … бала – өкініш.
  • Көп нүктенің орнына қойған сөздерге назар аударайық.
  • Олар, мағынасына қарай, қандай сөздер?

 

  1. Оқулықпен жұмыс
  2. Жаттығу орындалады
  • Біз келесі «Білгірлер» планетасына қонамыз. Бұл планетада болған ғарышкер ағаларымыз әр түрлі тапсырмалар қалдырып кеткен.

Ауызша орындау- ұжымдық жұмыс.

  • Суретте не бейнеленген?
  • Суреттердегі заттарды салыстыра отырып, қарама-қарсы мәндес сөздері бар сөйлемдер құрастырыңдар.
  • Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып,атаңдар.

I-экипаж:

Тұрақты жұппен жұптық жұмыс.

Қарсы мәндес сөздерді ойдан жазу.

1-оқушы          2-оқушы

ақ-                     қара

II-экипаж:

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ьжұптап жаз. (қима қағазда жазылған сөздер беріледі)

III-экипаж:

Ойын «Кім көп біледі?»

Ойынның шарты: мұғалім «жеңіл» десе, оқушылар оған қарсы мәндес сөзді тауып айтады.  Мысалы: «жеңіл-ауыр».

Алдымен ауызша айтып, кейіннен жазады.

  1. Бекіту.

Алған білімдерін топтастыру.

Топтық жұмыс: сигналды белгілерді көрсетеді- ауызша орындалады.

  • Төмендегі қандай сөздер екенін тауып, айтыңдар.

I-топ: қу, айлакер, алдампаз.

  1. Қарсы мәндес сөздер
  2. Жуық мәндес сөздер
  3. Жазылуы бірдей сөздер

II -топ: Алыс- жақын

  1. Жуық мәндес сөздер
  2. Жазылуы бірдей сөздер
  3. Қарсы мәндес сөздер

III -топ: Жүз. Жүз.

  1. Жуық мәндес сөздер
  2. Қарсы мәндес сөздер
  3. Жазылуы бірдей сөздер

Жазбаша тест тапсырмасы орындалады. Аралас сөздер. Дұрыс жауабын табу. (үлестірмелі қима қағаз)

I-экипаж:

оқулықтан жаттығуды жазу. Мақалды жатқа жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен қашықты жортқан білер.

II-экипаж:

Жұмбақты жатқа жазып, қарама-қарсы мәндес сөздердің астын сыз.

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады. (қоңыз)

III-экипаж:

Өлеңді көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

Ащы терім ақты,

Жеміс өсті тәтті.

  1. Қорытынды
  • Біздің саяхатымыз аяқталып келеді.
  • Жерге аман-есен қону үшін, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді еске түсірейік.
  • Біз қандай планеталарда болдық?
  • Осы планетада жаңадан нені үйрендік?
  • Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қажет?
  • Тағы қандай планетада болдық?
  • Сендерге саяхат ұнады ма?
  1. Үйге тапсырма беру: қима қағаздардағы тапсырмаларды жазбаша орындау.