Зат есім.

ПәніҚазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Зат есім.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға сөз таптары  туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу. Зат есім туралы түсініктерін молайтады. Соған байланысты жаттығу жұмыстарын орындайды.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әдемі, таза жазу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелілік:  Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Күтілетін нәтижеЗат есім туралы алған білімдерін қайталайды, әр түрлі деңгейдегі деңгейлік тапсырмалар орындай отырып білімдерін арттырады.

Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

СілтемеОқулық 3 сынып, 146 – 147 беттер.
Сабақта қолданылатын материалдар:1. АКТ

1. Оқулық

2. Тақырыпқа байланысты плакаттар

3. Слайдтар

4. Топтық тапсырмалар жазылған бетшелер.

5. Смайлингтер

Оқыту әдістері:СТО

Оқыту үшін бағалау

1.жұппен жұмыс

2.топтық жұмыс

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару, түгендеу, 3 топқа суреттер арқылы бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

1 топ: отбасы мүшелері

2 топ: төрт түлік мал

3 топ: оқу құралдары

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру«Кім шапшаң?» ойыны арқылы 6 – жаттығу тексеріледі.

— Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен?

— Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

— Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақТопқа бөлінген заттардың атауларына сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты анықтап алады. Соған байланысты зат есім ережесін шығарып, мысалдар келтіреді.

—          Қолдарыңыздағы суреттерге қандай сұрақтар қойылады?

—          Ол сұрақтар не үшін қойылады? (заттың атын білу үшін)

—          Бұдан қандай қорытынды жасайсыңдар?

—          Адамға «Кім?» деген сұрақ қойылады. Ал заттар мен жануарларға «Не?» деген сұрақ қойылады.

—          Ал орыс тілінде қалай? Білеміз бе? (тұсіндірме жұргізу)

ІҮ. ТапсырмаОқулықтағы тапсырмалар топтарға бөлініп беріледі.

1 топ: 1(сауысқан), 3 – жаттығу

2 топ: 1(қарға), 4 – жаттығу

3 топ: 1(қарлығаш), 5 – жаттығу

Ү. Сергіту сәтіҚимыл – қозғалыс жаттығуын жасау. «Бір оңға, бір солға» өлеңі арқылы.

 

 

ҮІ. Дәптермен жұмыс

 

Мұғалім іс — әрекеті:                        

Олай болса, топтардың деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмыс:

1 – жаттығу:

 

 

 

 

Мұғалім іс — әрекеті:   

2 – жаттығу барлық топтарға ортақ беріледі.             

 

 

 

 

Мұғалім іс — әрекеті:   

Деңгейлік тапсырмалар:

1 топ: 3 – жаттығу

2 топ: 4 – жаттығу

3 топ: 5 – жаттығу

 

Оқушы іс — әрекеті:

Оқушылар өз топтарына берілген тапсырмаларды орындайды.

1 топ: 1(сауысқан)

2 топ: 1(қарға)

3 топ: 1(қарлығаш)

Осы құстардың аттары аталып, сұрақтар қойылады.

 

Оқушы іс — әрекеті:

Суретте көрсетілген заттардың аттарын атап, оларға сұрақтар қояды. Неліктен әртүрлі сұрақтар қойылып тұрғанын дәлелдейді.

 

Оқушы іс — әрекеті:

1 топ: 3 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдерді тауып, астын сызады. Оларға сұрақтар қояды.

2 топ: 4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жазады.

3 топ: 5 – жаттығу. Әр қатардағы сөздерді жинақтап қалай айтуға болатынын көшіріп жазады. Ол сөздерге сұрақтар қойылады.

 

ҮІІ. ПысықтауТоптық тапсырмалар арқылы пысықтау. Терме диктанттарын орындату.

1 топ: Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазады.

2 топ: «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

3 топ: «Кім?» сқрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

ҮІІІ. ҚорытындыСұрақ – жауап әдісі арқылы қорытындылау.
ІХ. Үй тапсырмасы6 – жаттығу және деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1 топ: Жаңылтпаш (ішінде зат есімі бар)

2 топ: Жұмбақ (ішінде зат есімі бар)

3 топ: Мақал – мәтел (ішінде зат есімі бар)

Х. БағалауСабақ барысында алған майлингтерін қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.