Сөйлемдегі қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі қос сөздер
Мақсаты:
- Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.Қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
- Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және сөздік қорларын дамыту.
- Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Әдістері: Әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, тест, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, жанылтпаш, сызбалар.
Сабақ барысы:
І.Үйымдастыру бөлімін өткізу.
- Психалогиялық дайындық.
– Балалар оқу құралдарымызды дайындап ,назарларын сабаққа аудару.Бүгінгі сабағымызды мына жоспармен бастаймыз.Оқушыларды бағдаршам түстері арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
Сабақтың жоспары.
- Үй тапсырмасы.Тест жұмысы
2.Жаңа сабақ“Қос сөз”
3.4- жаттығу.“Өндірушілер мен тұтынушылар” ойыны
4.Бекіту.Терме диктант
5.Шығармашылық тапсырма
ІІ.1- басқыш.
Тапсырманың мақсаты. Ережені еске түсіріп, тест бойынша үй тапсырмасын бекіту.
Күрделі сөздер
- Біріккен сөздер (жолбарыс, Сарыағаш т.б.)
- Қос сөздер (ата –ана , дүркін –дүркін т.б.)
- Қысқарған сөздер (кг, БҰҰ т.б.
- Тіркесті сөздер (Боз торғай, үш жүз т.б.)
Тест
1.Күрделі сөз дегеніміз не ?
А) Екі немесе одан да коп түбірден жасалған сөз.
Ә) Бір түбірден жасалған сөз.
- Күрделі сөзді табыңыз
А) Көшенің шамы жанып тұр.
Ә) Ақбөкен – қызыл кітапқа енген жануар .
Б) Түн мөлшерін біле алмады.
- 3.Біріккен сөздер дегеніміз не?
А) Қаратпа сөз.
Ә) Екі түбірден жасалған сөз.
Б) Бір түбірден жасалған сөз.
- Біріккен сөздерді тап. Кілті
А) Темір 1. А
Ә) Ақсақал 2. Ә
Б) Ағаш 3. Ә
5.Біріккен сөзді тап 4. Ә
А) Айша 5. Б
Ә) Жұмыс
Б) Сарыағаш
Сызбаны талдау.
Күрделі сөздер
Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз Қысқарған сөз
ІІІ .Жаңа сабақ «Сиқырлы сандар » ойыны арқылы тақырыпты ашу.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
қ | е | з | о | ө | с | д | р |
1 | 4 | 6 |
қ | о | с |
6 | 5 | 3 | 7 | 2 | 8 |
с | ө | з | д | е | р |
Дәптерленіңді ашып тақырыпты жазу
Қос сөздер
бір сөздің екі сөздің сөздің алдын
қайталану арқылы қосарлануы күшейткіш буын қосу арқылы
2 – басқыш. «Қай топ тез орындай алады?»
Тапсырманың мақсаты: Сөйлемдерді оқып, қос сөздерді теріп жазу.Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар екенін айту.
3- басқыш. 3- жаттығу»Өндірушілер мен тұтынушылар » ойын желісімен өтеді. Шарты: Әр топ өзіне берілген сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Ішінде ұнаған сөйлемді тақтада жазып, қалғандары көшіріп жазады.
4- басқыш.4- жаттығу.
Төмендегі сөздерді мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп ,қос сөз жаса.
алыс сұрт алпыс шай
арпа төмен ағайын тәтті
сарт жақын қант жетпіс
жоғары бидай тату туған
ІV. Бекіту.
5- басқыш. Терме диктант.
Мақсаты: Мәтіннен қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып жазу.Арқар туралы мағлұмат беру.
Тып- тыныш, тық- тық, ірілі –уақты, салдыр –гүлдір,тастан –тасқа.
- Қорытынды.
6- басқыш. Шығармашылық тапсырма.
– Балалар, манадан бергі айтылып жатқанды ескеріп тәуелсіздік туралы бір шумақ өлең немесе шағын шығарма жазамыз.
VІ Үйге: 1. 5- жаттығуды түсіндіріп беру.
- Ережені жаттау.
VІІ. Жеңімпаз топты анықтау. Білімдерін бағалау.
Ақжайық ауданы, Үштөбе ауылы ,
Болдырев НОББ мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Калиева Айша Сатыбалдықызы.