Тіл және сөйлеу
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.
2.Оқушыларды өз тілін дұрыс меңгеріп ана тілінде сөйлеуін,өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқушыларды әдептілікке,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтастыру,түсіндіру.
Қолданылатын технология: Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызба, сөзжұмбақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
-Амандасу.
Психологиялық дайындық:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ.Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1.Біздің Отанымыз-……….!(Қазақстан)
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3.Мемлекетіміздің рәміздерін ата.(Елтаңба,ту,әнұран)
4.Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)
5.Мемлекеттік тіл.(Мемлекеттік ана тіліміз-қазақ тілі)
6.Тіл туралы заң қашан қабылданды?
(«Тіл»туралы тұңғыш заң 1989 жылы,ал екінші рет 1997 жылы 11-шілдеде қабылданды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері»күні ретінде аталып келеді.
-Балалар,тіл дегенде ойларына не келеді?
Ана тілі
Тіл |
Қазақ тілі Сөйлеу мүшесі
Орыс тілі
-Тіл-адамның мүшесі,сөйлеу құралы.Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.Әр халықтың өз ана тілі болады.Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Оқулықпен жұмыс:6-бетті ашамыз.
5-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.
Дихан Әбілов «Туған тілім».
-Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
-Оқушылар мәнерлеп оқиды.
-Өлең мазмұнына сай сұрақтар қойылады:
1.Өлең не туралы?
2.Өз ана тілің туралы не білесің?
- «Туған тілде сыры терең жаным бар»деп неліктен айтады?
Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу:Әә Әә Әә Әә
8-жаттығу.Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
Мақал-мәтелдердің ішінен тіл,сөйлеу туралы айтылғандарын көшіріп жаз.
Өнер алды-қызыл тіл.
Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе неден туады.
Сергіту сәті: «Көңіл күйімді тап» ойыны.
Оқушылар төрт топ болып отыр.Әр топтан бір оқушы келіп,үстелдің үстінен әр түрлі көңіл-күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздардан алады.Сол көңіл-күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл-күйді көрсеткенін табуы тиіс.
Қуанғаннан билеу Бәрі жақсы деп көрсету
Қабағын түю Көзін қолымен уқалау
6-жаттығу.
Әр топтың оқушылары өзіне бөлінген суреттегі адамның көңіл-күйін анықтайды және адамға сөйлеудің тигізетін әсері туралы әңгімелеп береді.
Сөзжұмбақ шешу
Біздің ана тіліміз — ?
« `
ІІІ.Қорытынды.
7-жаттығу.
Суретпен жұмыс:Сен кітапханаға кітап алуға келдің.Кітапханашымен қалай сөйлесесің?Бірің кітапханашы,бірің кітапханаға келген бала болып сөйлесесіңдер.
-Егер олар сөйлеспесе,бірінің ойын бірі түсінер ме еді?
-Сөйлемесе түсінбейді.Сөйлеу адамдардың өзара сөйлесуі,түсінісуі үшін қажет.
«Ана тілі» өлеңі оқылады:
Ана тілі-біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап,бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ,қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараңыз.
ІV.Үйге тапсырма.
Тіл туралы 2 мақал жазу.
«Туған тілім»өлеңін жаттау.
V.Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.