Қасым Аманжолов. «Көктем
Тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Көктем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылар ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау, қорытындылау дағдылары дамытылады.
Тәрбиелігі: табиғатты аялай білуге, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиеленеді.
Типі: жаңа білімді меңгеру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, ойын, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, көктем мезгіліне байланысты суреттер, Қасым Аманжолов портреті.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Сәлемдесу
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Сыныпты үш топқа бөлу. «Бейнені тап» ойыны.
- Белгісіз бөліктерде жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы бейне құрастыра отырып үй тапсырмасын тексеру.
1-топ. а) Тұңғыш ғарышкер кім? Ол қашан ұшты?
ә) Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
2-топ. а) Гагариннің жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген?
ә) Ақын Гагариннің жерді сүйетінін, қадірлейтінін қалай бейнелеген?
3-топ. а) Ақын Гагариннің жерге оралуын қай жолдарда бейнелеген?
ә) Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
- Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
- Балалар, ненің бейнесін құрастырып шықтық?
- Бұл гүлдер қар еріп ең алғаш қылтиып шығатын Бәйшешек, Жауқазын, Қызғалдық гүлдері екен.
- Ендеше топтарыңның аттары да осы гүл атауларымен болсын.
1-топ – «Бәйшешек»
2-топ – «Жауқазын»
3-топ – «Қызғалдық»
Топтастыру.
Күн жылынды Көк шығады
Құстар келеді Көктем Мал өріске шығады
Ағаштар бүршік атады Сай саладан су ағады
Мал төлдейді
Көктем айларын атау. Көктем айларындағы мерекелерді атау. (2-3 оқушыдан сұрау)
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы түсінік беру. «Пікірлер ағашы» ойыны
- Оқулықпен жұмыс.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу
б) Жекелей оқыту
в) Сөздік жұмысын жүргізу
г) Өлеңді талдау (өздеріне ұнаған шумақтарын оқыта отырып талдату).
«Табиғат көркі» ойыны. Сұрақтарға жауап бере отырып даланы гүлдерге толтыру.
1-топ. а) Өлеңде бұлақ туралы не делінген?
ә) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?
2-топ. а) Өлеңде өзен туралы не делінген?
ә) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
3-топ. а) Көктемгі табиғатты сипатта.
ә) Көкек жылдың қай мезгілінде келеді?
V.Сергіту сәті. «Көктем» әнін орындату.
VI.Шығармашылық тапсырма.
1-топ – Табиғатқа хат
2-топ – Көктем туралы эссе
3-топ – «Көктем» 5 жолды өлең.
VII. Бекіту. «Қайта оралған құстар» ойыны
- Біз қандай бөлімді оқып аяқтадық?
- Бөлім кімнің өлеңімен басталады?
- Қ.Мұқышевтың өлеңі қалай аталады?
- Қазақтың жаңа жылы қашан?
- Бүгін кімнің өлеңімен таныстық, қалай аталады?
VIII. Үйге тапсырма беріледі.
- Бағалау.