Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
жолын және басқа да сын есімдерден
айырмашылығын түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, сауатты таза
жазуға ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың танымдық және шығармашылық
ойлау қабілетін дамыту. Сөз таптары туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың типі: өтілген материалды бекіту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту және деңгейлеп
саралап оқыту технологияларының әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқу құралдарын түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
- Балаларды деңгейлеп топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
441 – жаттығуды тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
- Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
ІV. Жаңа сабақ.
а) Қызығушылығын ояту.
— Біз бүгінгі сабағымызда 442 – 445 жаттығуларды орындаймыз. Сабақ төрт
кезеңнен тұрады.
- Ережені ескеріп
- Тапсырманы орында
- Біліміңді тексеріп
- Әңгіме жаз соңында.
ә) Мағынаны таныту.
- Ережені ескеріп. Тірек сөздерді пайдаланып ереже жазу.
а) Заттың сыны, сапасы
ә) Қандай? Қай?
б) Көк, көкшіл
в) Жарық – қараңғы.
Оқушылар бұл тірек сызбаға сүйеніп мынадай ереже жазулары тиіс.
- Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін білдіретін сөз табын сын есім дейміз.
- Сын есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.
- Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі, ал туынды сөзден болған сын есімді туынды сын есім дейміз.
- Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сын есімді қарсы мәндес сын есім дейміз.
- Тапсырманы орында.
І топқа. 442 – жаттығу
Мейірімді, қайырымды.
Әдемі, сұлу, көркем.
Инабатты, әдепті, сыпайы.
Жус, момын.
ІІ топқа. 443 – жаттығу.
Самал жел, салқын жел
Ақ қар, ұлпа қар.
ІІІ топқа. 444 – жаттығу.
Терең – тайыз, ыстық – суық, адал – арам, жуас – тентек, жұмсақ – қатты,
жуан – жіңішке.
ІV топқа. 445 – жаттығу.
Тәртіпті бала – сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала – күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай – шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
- Біліміңді тексеріп. Тест тапсырмаларын орындау.
І топқа.
- Туынды сын есімдерді тап.
а) білгіш, айтқыш, байқағыш ә) өнерлі, таза, әдемі б) үлкендеу, ақыл, айна
- Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.
а) жазық қыз б) сұр қой
ә) бойшаң дала в) жуас қоян.
- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді қандай сын есім дейміз?
а) туынды ә) негізі б) қарсы мәндес.
ІІ топқа.
- Туынды сын есімдерді тап.
а) көк, ақылды, қызғылт ә) тәртіпті, аппақ, қызғылт б) өнерлі, саналы, таулы
- Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.
а) қалың көйлек б) биік сөмке
ә) ұзын кітап в) ауыр тау.
- Мағыналары қарама – қарсы сын есімді қандай сын есім дейміз?
а) негізі ә) қарсы мәндес б) туынды.
ІІІ топқа.
- Туынды сын есімдерді тап.
а) тәртпті, инабатты, мейірімді ә) үлкен, қысқа, дала б) биші, өнерлі, таза.
- Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.
а) қызық жапырақ б) самал бұлт
ә) жасыл кітап в) қою жел.
- Түбір сөзден жасалған сын есімді қандай сын есім дейміз?
а) туынды ә) негізі б) қарсы мәндес.
ІV. топқа.
- Туынды сын есімдерді тап.
а) жаман, ащы, асыл ә) адал, өнерлі, әсем б) айтқыш, ақылды, саналы.
- Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.
а) үздік әже б) терең жіп
ә) кәрі оқушы в) жуан құдық.
- Сөздерді әр сөз табына топтап жаз.
Жасыл, алма, су, жауды, аппақ, келді.
а) зат есім
ә) сын есім
б) етістік.
- Әңгіме жаз соңында.
Сурет бойынша әңгіме жазғызу.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Сын есім дегеніміз не?
- Негізгі сын есім дегеніміз ше?
- Туынды сын есім ше?
- Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
VІ. Үйге тапсырма.
Үйге «Ауа райы» туралы шағын әңгіме жазып келеміз.
VІІ. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.