Ғ. Қайырбеков «Ана тілі»
Тақырыбы: Ғ. Қайырбеков «Ана тілі»
Мақсаты: 1. Оқушыларды Ғ. Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңімен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру. Өлеңнің мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау қабілеттерін қалыптастыру.
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету. Сөздік қорын молайта отырып ауызекі сөйлеуге машықтандыру.
- Отансүйгіштікке баули отырып ана тілімізді құрметтеп, қадірлеуге, насихаттауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жекелей, жұптық және ұжымдық оқу
Көрнекіліктері: оқулық, хронологиялық кестелер, деңгейлік тапсырмалар, «Қызықты жетілік» ойыны, тест парақшалары.
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, деңгейлік оқыту, жұптық жұмыс, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, бейнелеу өнері
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық.
Ана тілім мақтанышым, елдігім.
Ана тілім күш-қуатым, өрлігім.
Қиянатқа ешқашанда төзбейтін
Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім – дегендей қазір бізде ана тілі сабағы.
Сурет — суретшілердің тілі, ән — әнші, музыканттардың тілі, сөз — ақын-жазушылардың тілі болып есептеледі. Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жеріміз жайлы, оның қазына-байлығы, салт-санасы, табиғаты және тағы басқа кереметтері жайлы жеткізіп отырады. Ана тілі сабағында қай тарауды бастаған едік?
- «Туған жерім – тұғырым, өскен елім — өзегім».
Бүгінгі сабақта да осы тарау бойынша сүйікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен танысуды жалғастырамыз. Сабаққа әзірлігіміз қалай? Оқу-құралдарың түгел болса, сабағымызды әдеттегідей үй тапсырмасын тексеруден бастайық. Ең әуелі кезекші мәліметін тыңдайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
— Балалар, Қ. Жұмағалиев ағаларыңның «Туған өлкем» өлеңін ойын арқылы пысықтап алайық.
А) «Қызықты жетілік» ойыны (сұрақтар мен тапсырмалар)
- Туған жер туралы мақал-мәтел айт.
- Ақын өз өлеңінде елінің несін мақтан еткен?
- Өлеңде ақын елбасынан өткен қандай ауыр күндерді айтып тұр? Ол туралы не білесің?
- Ақын өз өлеңінде туған өлкесін кімге теңеген ?
- Ақынның «Адамзат білген, білмеген барша байлық» деп отырғаны не деп ойлайсың?
- Ақынның өлеңін туған өлкесіне арнағанын қайдан білдің?
- «Киелі» сөзін қатыстырып бірнеше тіркес құрастырып айт.
Ә) Мәнерлеп оқу (3 оқушы)
Б) Сабақты бекіту, келесі жаңа сабақпен байланыстыру.
— Балалар, Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңі ұнады ма? Неліктен және несімен ұнады?
— Біздің туған өлкеміз, туған еліміз қалай аталады?
— Қазақстан (ҚР)
— Еліміздің негізгі нышан-белгілері нелер деп ойлайсыңдар?
(Оқушы жауабын тыңдау)
- Халқымыздың ежелден келе жатқан өшпес мұрасы, қазына-байлығы, халық үні не деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы)
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі
- «Ой қозғау». Тіл туралы ойлар, сұрақтар:
— Тіл дегеніміз не? (Оқушы жауабы)
— Біз қай тілде сөйлейміз? – қазақ тілі
— Қазақ тілін тағы қалай айттуға болады, неліктен? — Ана тілі, ана сүтімен дарыған.
— Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
— Балалар, тіл туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз, бүгін Ғ. Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңімен танысамыз. Өлеңнің мазмұнын ашып, негізгі айтылар ойды анықтап, ана тіліміз – қазақ тілін қадірлеп, құрметтеуге, өзгелерге насихаттауға үйренеміз. Өздеріңе белгілі, биылғы 2007 жыл – Қазақ тілі жылы болып жарияланды.
- Автор туралы біз не білеміз?
(Хронологиялық кестемен жұмыс)
- Мәнерлеп оқу.
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар тізбектей оқиды.
- Сұрақтар-тапсырмалар:
- Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
- Адам қаншалықты көп біліп, биіктен көрінсе де, ана тілін ұмытпау керектігі жөнінде өлеңнің қай шумағында айтылған?
- Қазақстан өлкесінің бай өлке екендігі жөнінде ақын не дейді?
- Қазақстан байлығының ажарын кіргізетін не? Ол туралы өлеңнің қай жолында айтылған?
- Қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалай шабыттана жырлайды?
Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен, олай болса қадірлі балалар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
- Поэзия минуты. Оқушылар тіл туралы өткен сыныптарда және сыныптан тыс оқу кезінде жаттаған өлеңдерін оқиды.
- Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.
- Бейнелі сөздерді тауып жазу.
- Тіл туралы мақал-мәтелдер жазу.
- Бәйшешек, жұпар сөздерін қатыстырып, сөйлем құрап жазу.
- «Ажар» сөзіне синоним (мағыналас) сөздер тауып жазу.
- Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте… — өлеңін аяқтап жазу.
ІҮ. Сабақты бекіту
- Өлең ұнады ма? Несімен ұнады?
- Ана тілін қалай құрметтеу керек деп ойлайсыңдар?
- Тест
- Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
а) қазақ тілі ә) орыс тілі б) ағылшын тілі
- «Өнер алды –қызыл тіл» кімнің нақылы?
а) Шәкәрім ә) Абай б) Шоқан
- Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?
а) тіл ә) ой б) қол
- «Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі- өз тілім!» деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?
а) Әбілев Д. «Туған тілім»
ә) Қайырбеков Ғ. «Ана тілі»
б) Әлімбаев М. «Ана тілім»
- Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?
а) қол ә) ой б) тіл
- Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.