«Жылқышы» әңгімесі С.Мұқанов
Сабақтың тақырыбы: «Жылқышы» әңгімесі С.Мұқанов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға С.Мұқановтың «жылқы» әңгімесінің маз-мұнын түсіндіру. Жылқы малы туралы түсіндіру, «Жеті қазынаның бірі» жылқы-ның ерекше қасиеттерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін өз сөзде-рімен айтуға.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: «Жылқы» жануарына деген сезімдерін ояту қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, топтамалар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын пысықтау, бағалау.
Үйге не берілді?
Оспанхан Әубәкіров «Ара мен шыбын» әзіл өлеңі.
- Сұраққа жауап.
1.Мәтінді шығарманың қай түріне жатқызасың? 2. Шығарма нелер жөнінде? 3. Шыбын араға қандай өтініш айтты? 4. Ара неліктен бірден келісе салмады?
- Мысалдан көкейіңе не түйдің?
- Шығарманы рөлге бөліп оқыту.
- Автордың қорытынды ойы айтылған шумақты бөліп оқытып, түсіндіру.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Кіріспе әңгіме ой қозғау.
Балалар! Біз жылқы туралы не білеміз?
- Оның қандай пайдасы бар?
- Жылқы қандай жануар?
- Немен қоректенеді?
- Қандай пайдасы бар?
Не білемін. V. | Не білгім келеді? ? | Не білдім. + |
Сүті, еті, көлік, төрт аяғы бар, жалы бар, жүйрік, батырлар мінген, өлең-жырлар, қоңыр, көкшіл, таза су ішеді. | Қандай түрлері бар? Тағы қандай пайдасы бар? Жылқышы деген кім? Жылқы қандай жануар? | Жүйрігі, жорғасы, жүктартқыш, сүті өкпе ауруына ем. Жылқы сезімтал, жылқы малдың патшасы. |
Балалар, бүгін біз С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқимыз. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз.
Біз тақтаға не білгеніміз жайлы жаздық, енді не білгіміз келетіні жайлы жазайық.
- 1). «Жылқы» әңгімесін мәнерлеп оқып беру. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
Жылқы – малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше болған. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалаған…
2). Жылқышы және оның жылқышы – ауыл шаруашылығында еңбегі ауыр еңбек. Жылқышының ең ауыр кезеңі – қыс кезеңі. Қыста олар қоста өткізеді. Жылқышы қосы – күнде көшіп жүретін баспана. Қымызы – шипалы, таптырмайтын сусын.
Қылы арқан, жіп, желі.
Еті — өте жоғары сапалы.
Қазысы – тағам, емдік қасиеті мол.
Терісі – жүген, үзеңгі бау, қамшы жасайды.
- Дәптермен жұмыс.
- Ел таңбамен таныстыру.
IV.Кітаппен жұмыс. Оқыту.
- Сұрақ-жауап.
- Жылқыны жасына қарай қалай атайды?
(құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).
- Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?
(торы, көк, жирен, күрең).
- Жүйрік аттарды қалай атайды?
(сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ).
- Жылқыға байланысты қандай ойындар бар?
(бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу).
Сыныпты үш топқа бөлеміз.
Ойын «Бәйге»
І топ тапсырмасы
І. 1. Жылқы туралы мақал.
ІІ. 2. Жылқығы байланысты ұлттық ойындар.
ІІІ. 3. Жылқы жайлы эссе жазу (3 минут).
ІІ. Тіл өнер
- «… – малдың патшасы»
- «Аң патшасы — ….
- «Жылқының еңбегінің ауыр кезеңі — ….»
ІІІ сайыс. Өлең шығару.
- Жорға ойыны.
І-топ. Жылқыны жасына қарай қалай атайды?
ІІ-топ. Жылқыны түіне қарай қалай атайды?
ІІІ-топ. Жүйрік аттарды қалай атайды?
- Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.
- Жылқының пірі.
- Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (шабандоз).
- Жүйрік аттарды баптайтын адам? (бапкер)
- Жылқыда не жоқ? (өт)
- Жылқы қандай жануар? (сезімтал)
- Жылқының сүтінің қандай пайдасы бар? (өкпе ауруына)
- Жылқыға не жоламайды? (жылан)
- 5 жолды өлең шығару.
- Жылқы
- Қара, жүйрік, жорға
- Құлынына қымыз береді
- Қымызын ішу үшін
- Жылқы – жануар
Қорытындылау, балалар білімін бағалау.
Үйге: «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын айту. Жылқы туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.