Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Сабақтың тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Сабақтың білімділік мақсаты: Қарама – қарсы мағыналық сөздер туралы түсінік беру, тақырыпты меңгерту. Сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балалардың тіл шеберлігіне деген қызығушылығын және еркін мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетін насихаттай отырып, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, сөздік жұмысы, мақал – әтелдер жазылған плакат, жылжымалы тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтағы пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ – жауап арқылы пысықтау.
- Сөздік жұысын жүргізу. «Сөзден сөз» шығару. Мәндес сөздер табу.
Дөң – қырат, өң – көрік, ел – халық, еле – тазала, дөңгеле – айнал, лек – нөпір, ек – отырғызу, кел –
ІІ. Жаңа сабақ.
- Өткен тақырыпқа байланысты сөз жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Мәндес сөздерді ата?
т | А | я | у | |||||||
Н | ы | с | п | ы | ||||||
қ | а | Т | е | р | ||||||
қ | О | р | л | ы | қ | |||||
қ | а | Н | т | |||||||
д | И | д | а | р | ||||||
ж | ы | л | д | а | М | |||||
- жуық
- есім
- қауіп
- азап
- шекер
- келбет, ажар
- тез.
- Көрнекілікті пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.
- Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөзді қарсы мәндес сөздер немесе антоним деп атаймыз. Мысалы: Жарық – қараңғы, қуаныш – реніш, жылдам – ақырын, жақсы – жаман, арзан – қымбат.
- Дәптермен жұмыс.
Қарашаның жиыра бесі
Қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ
- Жаттығулар орындау.
205 – жаттығу (ауызша орындалады)
Күн – түн, еңіс – ор, есік – төр, жарық – қараңғы, ақ – қара, жомарт – сараң, биік – аласа, ұзын – қысқа, адал – арам, бейнет – зейнет.
206 – жаттығу (мақалды жатқа жазу)
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді (оқушылар түсіндіреді)
- «Жалғастыр» ойыны арқылы мақал – мәтелдерді жалғастыру (қарсы мәндес сөздер қою).
Дәптерге орындау.
- Көз қорқақ, қол …
- Өтірік – қаңбақ, … – салмақ.
- Қорлық өмірден, ерлік … артық.
- Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір … інісі бол.
- Көп тыңда, … сөйле.
- Білімнің басы – бейнет,
Соңы — ….
(әр оқушы мақал мәнін түсіндіреді).
207 – жаттығу
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық – болды сегіз. (Абай)
Абай туралы әңгімелесу (балалармен бірге)
- Абай кім? Қай жылы өмірге келді?
- Қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Жатқа айт.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлермін
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
209 – жаттығуды орындау.
Мәндес сөздер | Қарсы мәндес сөздер |
Өжет, батыл, именшек, тартыншақ, мәлімет, мағлұмат, ақпар. | Қалың – жұқа, терең – таяз, алды – арты. |
- Үлестірме қима қағаздары арқылы сабақты пысықтау.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Үйге тапсырма 208 – жаттығу.
Ү. Бағалау.