5 – ке көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 5 – ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Рейтинг» әдісімен өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
Есепті бір өрнекпен шығаруға үйрету, өзін-өзі бақылауға, өз
бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін дүние туралы
танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға
машықтандыру, пәнге қызығушылығын, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің
әрқашан қымбат екенін түсіне білуге имандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Карточкалар, білім туралы ұлағатты сөздер. «Қазақстан-
2030» бағдарламасының бейнесі. Тірек сызба.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Типі: Аралас сабақ
Формасы: Ұжымдық, топтық, жеке
Әдісі: Рейтинг, эристикалық, проблемалық репродуктивті,
талдау, қорыту.
- Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық әзірлік. Жағдай жасау.
- Өткенді пысықтау.
- тақтадағы сурет бойынша не айтуға болады?
- Бұл жөнінде не білесіз?
(Бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау)
Өткен сабақты бекіту.
(Үй жұмысының жауабы ауызша тексеріледі)
*Мұхаммед пайғамбардың №1 жауабы:
Білім артық. Себебі ол пайғамбардан қалған мұра.
- Жаңа сабақ
- Ауызша есептеулер, сұрақ-жауап
- Математикалық диктанат
- 3 пен 5-тің көбейтіндісін жаз
- 15 пен 3-тің бөліндісін жаз
- 6-ны 4 есе арттыр
- 12-ні 3 есе кеміт
- 9-ды 3-ке арттыр
- 10-ды 5-ке кеміт
Жауабы: 15, 5, 24, 6 ,12,5
Есіңе сақта! 9, 109, 119, 229
Жатқа жаз! 4. 44. 444. 4444. 14. 24. 34. 44
№2 Жауабы:
Білімің көп болса, досың көп болады.
- Оқулықпен жұмыс
№1 есеп (Жыл мезгілімен байланыстырылады)
Болғаны: 5х10 ж: 5*10+25=75 ойынщық
Қосылғаны -25 ж: барлығы 75 ойыншық
Барлығы — ?
(есеп толық талданды)
Әр топқа есеп беріледі (шешуі ғана жазылады)
I топ Мектебімізден қазақ драмалық театрына жаңа жыл кешіне әр сыныптан 20 оқушыдан 10 сынып және 10 мұғалім бармақшы. Барлығы неше адам барады Ш: 20*10+10=210 Ж: барлығы 210 адам | II топ Мектептегі 1-ші сыныптар саны 4-еу әр қайсысында 20 оқушыдан болса және 4 мұғалім болса барлығы неше адам Ш: 4*20+4=84 Ж: барлығы 84 адам | III топ Сыныпта үш қатар парта қойылған әр қатарда 5 партадан. 1 партаға 2 оқушыдан отырса, барлығы неше оқушы отырады? Ш: 3*5=15 парта 15*2=30 оқушы |
- Жауап
Білімді іздей білсең, толып көбейеді
Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды
Тапсырмалар: «Рейтинг» әдісімен тексерілед.
№2 (ауызша талдау)
Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаңда іріп шірімейді, ал
дүние ескіреді.
*Логикалық есеп: (үнтаспадан)
Ергежейлі адам 10-шы қабатқа шығуы керек. Ол 4-ші қабатқа
дейін лифтімен, әріқарай жаяу шығады. Неліктен?
*Шығармашылық жұмыстар
Геометриялық фигуралардан құрастыру
I топ II топ III топ IYтоп
Үй адам ақшақар күн
(1минут уақыт беріледі)
№5 жауап оқылады.
Білімді болсаң сені ел құрметтейді, сыйлайды. Ал байлығың болса,
қызғанышпен қарайды.
№3 мысал. (өз бетімен жұмыс)
Көбейту ережесіне көңіл бөлу.
Бекітумен жұмыс:
I топ А-7см В-2см Р-?
| II топ А-10см В-3см Р-?
| III топ А-10см В-2? есе көп Р-?
| IYтоп А-10см В-2? есе көп Р-?
|
№6 жауап оқылады.
Білім өміріңді жарық етеді, ал дүние тура жолдан тайдырады.
Ұжымдық жұмыс №5 мысал
5*5= 5:5=
10*5= 10:5=
15*5= 15:5=
25*5= 25:5=
X + ана = пана X+ ала = бала шыр +X= шырша
X= пана – сана X= бала — ала X= шырша – шыр
X= п X= б X= ша
_________________________________________________________
П+ана=пана б+ала=бала шыр+ша=шырша
Соңғы жауап: 6 жауабы
Білімді адам ақылды, даналы, өмірге дұрыс көзқарасымен
сөйлейді. Ал кейбір адам дүниесі көп мақтаншақ, өзі көкірек
болады.
- сонымен Мұхаммед пайғамбар не артық депті?
- Білімді
- Ендеше бізді білім ғана елдер қатарына жеткізеді
Бағалау: «Рейтинг» жүйеде ұпайлар саналады.
*Өз-өздеріне баға беру.
«Көңілді шырша»
1 ойыншықта: кім жақсы қатысты?
2 ойыншықта: неге көңіл бөлуіміз керек?
3 ойыншықта: кім көбейту кестесін қайталау керек?
4 ойыншықта: бүгін толық 5 – ке жауап берген кім? Неге?
5 ойыншықта: математика ұнайма? Неге?