Бірінші байлық –денсаулық
Бірінші байлық –денсаулық
Сабақтың мақсаты: Бірінші байлық-денсаулық сақтаумен шынықтырып, нығайту. Табиғаттың тіршілік көзі екенін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектегін түсіндіру,салауытты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Бекнұр зақым алған кісіге және өзіне алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуге тиіс.
Қаршыға әлеуметтік денсаулығы бар тұлғаны қалыптастыруда өзіндік бағалау, оны жүзеге асыру және тәрбиелеуді жоғарылатуы керек.
Толқынай: Салауатты өмір салтымен жүреміз.
Мұғалім: 2030 жылғы салауатты өмір салты –тұлғаның гармониядағы даму мен тәрбиесінде маңызды роль атқара келіп, қалыпты өмір салтының басты құрамдасы бөлігі болып табылады.
(Балалардың барлығы кіріп бір қатарға тұрады).Әнұран орынлдалады.
Мұғалім: Бірінші байлық-денсаулық Құдіретті табиғатта 9 емші бар екен. Осы тоғыз емшімен танысыңыздар.
Бастаушы:
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық- зор байлық,
Жансаулық-мол байлық.
Амандық үшін де,
Адамдық ісінде
Қолданып ел сынар,
Табиғат-емші бар.
1.КҮН. Ерқанат
Нұр сәуле –шуақты,
Беретін қуатты.
Ұлы емші анамыз,
Күннен күш аламыз.
Жылытып, қыздырып
Нұрына жүздіріп,
Күн ана шуағы
Сырқатты қуады.
- АУА. Мерей:
Жер шары-«дәу » әлем,
Қоршаған ауамен.
Ауадан тыныс ап,
Өсті өмір, ырыс, бақ.
Денсаулық-дауа да,
Дәмге күш-ауада
- СУ. Нұғыман:
Сусын да әрі дем,
Су-емші бәрінен.
Сусынан берді жер,
Жуынсаң сергітер.
Денсаулық тірегі.
- Бойды тік ұстау. Айгүл:
Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді.
Жанға сеп шынығу,
Жаттығып тынығу.
Сымбатты болуда,
Өзіңнің қолыңда.
- Дене жаттығулары. Қасымхан:
Спорттық ойында,
Күш берер бойына.
Спортта ем болар,
Жаттықсаң ем қонар.
- АШЫҒУ. Назерке:
Ас же, іш сіміріп,
Асқазан сіңіріп.
Жақсартып қаныңды,
Жасартар жаныңды.
Асқазан жұмысын
Аяла, бұл үшін
Ас ішсең аптықпа,
Кейде көн аштыққа.
Талға да бір сәтті,
Тазала құрсақты.
Ас ішсең толасың,
Аман сау боларсың.
- ТАБИҒИ ТАЛҒАМ. Мәдина:
Жеміс пен көкөніс,
Нан, сүт берер күш.
Витамин –тағам-нәр,
Ас адамның арқауы.
Тағам іш жағымды.
Дертіңді қуатты,
Денеңнен қуады.
- ДЕМАЛЫС. Мағжан:
Еңбекпен шынықтық,
Енді сәл тынықтық.
Серги біл құр жатпа,
Сейілде гүл бақта.
Ұйқыны қоя тұр,
Көр кино, театр.
Жиналдық аманда,
Күш бере адамға.
- АҚЫЛ-ОЙ. Асылзат
Ой салып ақылға,
Он істі мақұлда.
Табиғат әрқашан,
Емдерін пайдалан.
Талпынсаң құрыспай,
Денсаулық құрыштай.
Боласың көңілді,
Қуантып еліңді.
Ие боп жақсы атаққа,
Жетесің мақсатқа.
Мұғалім: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек . Деніңіз сау болсын десеңіз ».
Асылан:
1-ерте тұру,
2- орта тазалығын ұстау;
3-дене шынықтыру,
4-үнемі денені таза ұстау,
5-үнемі сергек жүру,
6-артық тамақ ішпеу,
7-ұйықтап, жалқау болмау.
Бекнұр: Жүгірудің пайдасы: бұлшық ет ширығады, таза ауа өкпедегі тыныс жолдарын ашады. Адам сергиді, ұйқыдан тез оянады.
Көптеген ауруларға ем болады.
Мұғалім: Әбу-Насар Әл Фараби былай деген екен.
«Егер тән ауырса , көңілдің күрт түсуі-табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды».
ӘН: « Әрқашан күн сөнбесін !».