Қанатты достар
Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар
Сабақтың мақсаты: 1. Жыл мерзімдері, ерекшеліктері, құстар тіршілігі туралы білім беру.
- Құстардың түрі, тіршілігі туралы білімдерін дамыту. Ата-бабамыздың құстарды қалай қастерлеп, құрметтегені туралы айтып, ой-өрістерін дамыту. Тіл дамыту.
- Табиғатты бақылауға, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Бейнелеу, еңбек, ән-күй сабақтарымен байланыстыру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе әңгіме.
- Тақырыпты түсіндіру.
- Оқушыларға оқыту.
- Құстар дауысын интерактивті тақтадан тыңдау және көрсету.
- Сергіту сәті.
- Қазақ халқының құсты құрметтеуі, қорғауы.
- Қазіргі кездегі құстарды қорғау шаралары.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды тыныштандырып, сабақтың тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үйге берілген «Бұл қай кезде болады?» «Күз» өлеңдерін жатқа сұрау, «Қыркүйек – күздің басы», өлеңдерін жатқа сұрау, «Күзгі өсімдіктер» тақырыбының мазмұнын сұрау.
Күздің ерекшеліктерін айтқызып, сабақты қорытындылату.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе әңгіме.
- Қазір жылдың қай мерзімі?
- Күз айларын атаңдар?
- Күзде тағы қандай өзгешеліктер болады?
Құстар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның, ағаштардың сенімді серігі. Олар: тоқылдақ, үкі, қарлығаш, қара торғай, шымшық, бұлбұл. Сондықтан оларды «табиғат тазалықшысы» деп атайды. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар, оның 143 түрі біздің облыста ұя салады.
- Міне, осы құстардың көбі күз түскенде қайда кетеді?
- Жылы жақ қайда екенін білесіңдер ме?
- Ерте кезде құстар суық түсе, жерді тастап, айға кетеді деген ұғым болған. Қазір сақина тағу арқылы құстардың (Қазақстан құстарының) Африкаға, Жерорта теңізінің жағалауына ұшып барып қыстайтыны анықталған.
- Тақырыпты түсіндіру.
Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі – жемнің азаюы. Күн салқындап құрт-құмырсқалар тығылып қалады. Құстар топталып лек-легімен жылы жаққа ұша бастайды. Көкте ұшқан құстардың қиқулаған, тыраулаған, шиқылдаған дауыстары естіледі. Алдымен бунақ денелілерді қорек ететін құстар (қарлығаш, қара талақ торғай, көк ала торғай, т.б.) қайтады.
Бұлардан кейін өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын қорек ететін құстар қайтады.
Су құстары – үйрек, қаз, тырна, аққу су салқындап қатысымен бәрінен кейін қайтады.
Құстар жылы жаққа жету үшін мыңдаған километр жол жүреді, әр түрлі қауіптерден өтеді. Құстар көктемде 1-2 күнде келсе, күзде балапандарымен қайту айға созылады.
Соған қарамастан олар межелі жеріне асығады. Олар әр түрлі жылдамдықпен ұшады. Мысалы, қарлығаш сағатына 100-150 км, үйрек 80-90 км, ал қаз ең ақырын 30-35 жылдамдықпен ұшады.
Тырналар алдыңғы жағы сүйірленіп қосылған екі қатар құрып, қаз доға тәрізденіп иіліп, ал үйрек түзу тізбек құрып, ұсақ құстар топтасып ұашды.
Әр құстардың суретін көрсете отырып ерекшеліктерін қысқаша әңгімелеу.
- Оқушыларға тақырыпты іштей және тізбектей оқыту.
- Сонымен, балалар, құстар топталып ұшқанда қандай дыбыстарды естисіздер?
— Тағы қандай құстардың дыбысын білесіңдер?
Бұлбұл сайрайды. Үйрек бырқылдайды.
Торғай шырылдайды. Сауысқан шықылықтайды.
Қарға қарқылдайды. Қаз қаңқылдайды.
Интерактивті тақта арқылы әр түрлі құстар даусын тыңдату және көру.
- Сергіту сәті.
Ойын. «Ұшты-ұшты».
Ұшты-ұшты бүркіт ұшты,
Ұшты-ұшты Талғат ұшты.
(қарға-арба, бүйрек-үйрек, тұзақ-ұзақ.)
- Табиғат – біздің байлығымыз. (Ал табиғатты қорғап-күтсе ғана). Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Оны біз батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегенінен білуге болады.
— Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран бүркіттей қандай батырларды білесіңдер?
— Ал бұлбұлша сайрайтын қандай әншілерді білесіңдер?
— Балаларын жақсы көргенде қандай құстарға теңеген?
— Балаларына қандай құстардың атын қойған?
— Қарлығаш, Торғай, Лашын, Тоты, т.б.
- Енді, балалар, құстардың тапсырмасын орындап, жыл құстардың аман-есен жылы жаққа жетуіне көмектесейік. «Суретшілер», «Мүсіншілер», «Зерделілер» тобына бөлінеміз. «Суретшілер» тобы өзіне ұнаған құс суретін салады. «Мүсіншілер» тобы ермексазбен құс мүсінін жасайды. Ал, «Зерделілер» тобы карточкалардағы суреттерге жауап береді.
Тапсырмалар:
- Құстар туралы өлең оқы.
- Қазақ халқы құстарды қалай қорғаған?
- Халқымыз құстарға қарап ауа райын қалай болжаған?
Салған суреттер мен мүсіндерден көрме жасау.
- Міне, халқымыз құстарды осылай қорғап отырған. Бұл туралы мынадай әңгіме де бар:
Төле би шаңырағына қарлығаш ұя салған жылы көшпей отыратын болған. Бұны көрген көрші өзбек ағайындар Төле биді «Қарлығаш би» деп атаған. Қазіргі кезде Ташкенттегі Төле би күмбезін «Қарлығаш бидің күмбезі» дейді екен.
Міне, біздің ата-бабамыз құстарды атқызбай қорғап келген. Табиғатты қорғау, оның ішінде құстарды қорғаудың әртүрлі шаралары қолданылады. Көктемде құстарды атқызбайды. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады. Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар. Алматы, Қостанай, Арал теңізіндегі Қорғалжын қорығы. Қорғалжын қорығы біздің облысымызда, онда құстың 100 шақты түрі бар. Мысалы қоқиқаз Африкада, Индияда және Қазақстанда, оның ішінде Қорғалжын қорығында ғана кездеседі.
- Пысықтау.
— Құстар неге жылы жаққа кетеді?
— Алдымен қандай құстарды жылы құстары дейміз?
— Құстарға сендер қандай қамқорлық жасай аласыңдар?
- VI. Қорытындылау.
- Құстар туралы жазылған қандай әндерді білесіңдер? Ақ көгершін, Бозторғай т.б. Қазір Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне ән жазған Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнімен сабағымызды аяқтайық.
- Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. «Құстардың қайтуы» — оқу.