Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: | Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару |
Сабақтың мақсаты: | Логарифмдік теңдеулерді шешу ережелерін меңгерту |
а) білімділік: | Логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін үйрету; |
ә) дамытушылық: | Теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдану дағдыларын қалыптас-тыру. Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамыту; |
б) тәрбиелік: | оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу |
Сабақтың типі: | Практикалық сабақ |
Сабақтың әдісі: | Деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, дәптермен жұмыс,ойын технологиясы, сәйкестендіру тестісі,сұрақ жауап. |
Сабақтың көрнекілігі: | ДК, бейнепроектор және экран, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар |
Сабақтың жүрісі: |
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;
ІІ. Өткен материалды қайталау
(Үйге берілген тапсырма тақтада шығарылады. Cәйкестендіру тестісін орындайды)
1 | Көрсеткіштік теңсіздік- | 1 | шығады |
2 | 2 | ||
3 | Егер болса жағдайда | 3 | шығады |
4 | 4 | ||
5 | Егер болса жағдайда | 5 | aйнымалысы дәреженің көрсеткішінде болатын теңсіздік |
III. Практикалық жұмыс
(Теориялық білімдері сұрақ жауап арқылы еске түсіріледі)
- Логарифмдік теңдеулер дегеніміз не?
- Қарапайым логарифмдік теңдеудің жалпы түрі?
- Логарифмдік теңдеулерді шешеудің неше тәсілі бар?
- Жаңа негізге көшу формуласы
- Егер логарифмдік теңдеу мынандай түрде берілсе :
( қарапайым логарифмдік теңдеулерге есептер ауызша шығарылады)
(Тақырыпқа байланысты деңгейлік есептер тақтада шығарылады )
Сергіту сәті ( бұл бөлімде көрсеткіштік, дәрежелік, тригонометриялық функциялардың логарифмдік теңдеулермен байланыстыра отырып, яғни аралас есептер шығартылады)
- Бекіту
Сабақты бекіту барысында студенттер Семантикалық картаны орындайды .Берілген есептердің дәл жауаптарымен қилысқан әріптерді қосқанда бір тіркес шығады. «Білім – теңіз»
«Білім — теңіз» десек, сол теңіздің тұңғиығына терең бойлап, білім нәрімен сусындай берейік деген тілекпен сабағымызды қорытындылайық.
- Қорытындылау
Бүгінгі практикалық жұмыста қойылған негізгі мақсат логарифмдік теңдеулерді шығарудың әр түрлі әдістерін жүйелі түрде үйрену, есеп шығару тәжірибесін молайту, логарифмдік теңдеулерді шешуге дағдыландыру . Әртүрлі әдістерді пайдалана отырып есептер шығардық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін білімі жоғары ұлт болуымыз керек» — деген болатын. Бұл мақсатты іске асыру үшін ерінбей еңбек етумен қатар үнемі өз білімімізді жетілдіруге міндеттіміз.
- Үйге тапсырма беру
(студенттердің жұмыстары талданып, үйге тапсырма беріледі.)
М.И. Сканави «Сборник задач по математике» №7.049-7.052 (141 бет)
VII. Бағалау