Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу

Тақырыбы:  Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу

Мақсат: разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу тәсілі жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік:  мақалдардың мәнін түсіне отырып, шешендік өнерге баулу, жұптық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа  тәрбиелеу.

Дамытушылық:  математикалық тілін, ой-өрісін, танымын, логикалық ойлау қабілетінің  дамуына ықпал жасау.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, ізденіс, өзіндік жұмыс, кіріктіру

Көрнекіліктер:  компьютерлік слайд.

 

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

 

Сабақ барысы:

 

І.  Ұйымдастыру бөлімі.   Үй тапсырмасының жұмыстарын тексеру. Дәптерлерін жинап алу.

Психологиялық дайындық.

Ал, балалар, сабақты бастайық.

Есептерді шағайық.

Ана тілінен  білетін

Мақалдарды айтайық.

Оқушылардың мақал-мәтелдерін тыңдау.

  • Балалар, өлеңімізде айтылғандай бүгінгі сабақта біздер тапсырмалармен қатар мақал-мәтелдер айтуға тура келеді. Сондықтан сол тапсырмадағы мен айтқан сөзге сай мақалдар айтуларыңыз керек.
  • Түсінікті.
  • Ендеше бастаймыз. Бірінші «Ой қозғау» ой сөзіне мақалды мен айтайын. Слайд арқылы көрсетіледі. Берілген сандардың құрамын табуға арналған тапсырма

 

 

«Бөлу» сөзіне мақал кім айтады?

 

 

Мақалдың мағынасын ашқызу.  Бүгінгі сабаққа қатысты сөзіміз «Бөлу» мына тапсырмалармен жұмыс істеп үйренейік. Компьютерге назар аударып, жаттай отырып, орындалуына мән берулеріңіз сұралады.

 

Бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып, компьютермен жұмыс орындау.

 

  • Елден жырақта өзін қалсаң күн көре аласың ба?
  • . . .
  • Келесі бөліміміз «Өзіңді өзің қолыңа ал, өзіңсің ақыл айнасы. Түсінсең жаңа сабақты, қойылар жақсы бағасы.» берілген тапсырмаларды өздерін орындауларын керек. Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу тәсілімен мәндерін табыңдар.

 

 

  • «Денсаулық – зор байлық» десем, қай кезеңге келгенбіз?
  • Сергіту минутында «Қара жорға» әніне қимылдар жасайды.

 

Келесі тапсырманы орындау қыздарға арналады. Сондықтан жігіттеріміз қарап отырмай сіздерде шығарасыңдар, дұрыс-бұрыстығын тексеру жүктеледі.

 

 

 

«Гүл – жердің  көркі,  қыз – елдің көркі. Қыздарды неге теңейміз екен.

Енді жігіттеріміз шығарады, ал қыздарымыз тексереді.

 

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді. Мақалының мазмұны ашылады.

  • Енді бүгінгі сабақта айтылған мақалдарды қайталап алып, «Жүк» сөзіне қатысты мақалды мен айтайын, ал сіздер мағынасын ашып беріңіздер. Бүгінгі сабақта осы мақалға сай берілген тапсырманы қалай орындауымыз қажет деп ойлайсыңыздар?
  • Әрине топтасып орындаймыз.

 

 

 

Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін мына мақалды да жаттап алайық.

 

Бекіту минутттары:

Мақалдарды жазу