8 санының құрамы

Тақырыбы:   8 санының құрамы

Мақсат: 8 санының құрамын шығартып, оны жаттату,

Білімділік: Өрнек құрастырып, оның мәнін табуға, сөз есептерді түсініп, шығаруға және кесінділерді салыстырып, олардың ұзын, қысқасын анықтатуды машықтандыру.

Тәрбиелік: Үйде бағуға болатын жануарларды асырауға баулу және қамқор болуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Тапсырма бойынша жұмыс істеуде сөйлеуге, өз ойларын жеткізе айтуға, шапшаң есептеуге ойын дамытып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру

Құрал-жабдықтар: компьютер,  1 бет парақ «Үйшік»

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: практикалық,  сұрақ-жауап, демонстрация,  көрнекі, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабақтағы конверт пен марка бойынша өрнектерді қайталау.

  • Неше конверт болды? 8
  • Жасыл марка нешеу болды? 7
  • Қызыл ше? 1
  • Барлығы нешеу болды 7+1=8

 

  1. Психологиялық дайындық.
  2. Компьютерлік слайд 2, 3 бойынша 8 құрамын шығарту үшін балапандарды санатып, 8 құрамын сол балапандарға қарап (бау, галстугіне, бетіне қарай топтастыру арқылы) компьютердегі үйшікке толтыру компьютерге қаламмен жазылады. 1 тапсырма 8 құрамының үйшігін толтыру компьютерде және берілген қағазға оқушылар жазады.

 

  1. 2 тапсырма. Слайд 4. Ойын «Қанща балапан?» шарты екінші қораптағы балапандардың санын табу.

 

  1. Слайд 5 «Ой қозғау» оқушыларды ойландыра отырып, 2 слайдпен санға +1 қосып -0 азайтсақ және одан шыққаннан -1-ді алсақ, сол санның өзі шығатындығына көздерін жеткізу. Тең болу себебін түсіндіру.

 

  1. Сергіту минуты

 

Қуырмаш, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй, әй балақай

Жамандықтан қаш.

 

  1. Дәптермен жұмыс

 

  1. 4 тапсырма күндегідей ауызша схема бойынша сөйлету Слайд 7 «Қанекей, тілім сөйлеші»

Қ. К. К. К ?  қ  (ұ )

Қызыл кесінді көк кесіндідіен 2 см ұзын

Көк кесінді қызыл кесіндідіден 2 см қысқа

  1. 5 тапсырма Орындарын табуға көмектес. Слайд 8 Тордың, аквариумдардың, ұяның мәндерін тауып алып, тиісті иелерін шығара отырып, орындарын тапқызу.
  2. Теңдік құру. Слайд 4. 6 тапсырманы тақтаға, дәптерге  орындату
  3. Бекіту.

– Қай  санның құрамын құрдық? ( 8 )

  • Неше балапанмен жұмыс істедік?
  • Үйде нені бағуға болады екен?
  • Сабақ несімен ұнады?