Күздің кереметі
Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидек, көкөністер, слайд.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың әдісі:Топтастыру, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру, II үй жұмысын тексеру
Топпен жұмыс.
1.Күз мәтінін оқыту, мазмұнын айту.
2.«Сиқырлы әріптер» ойынын ойнату.
1.Күздің кереметі деген сөйлемдегі әрбір әріптерді жеке-жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын. Әрбір оқушы сұраққа жауап беру арқылы сол карточкадағы номер бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда «Күздің кереметі» деген жаңа тақырып шығады.
Сұрақтар:
1.Күздігүнгі ауа райын сипаттап бер.
2.М.Дулатов кім? Оның қандай кітабы елді еркіндікке шақырған?
3.«Жұрт күземін алған» дегенді қалай түсінесің?
4.Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?
5.Жаз мезгілімен салыстырғанда күздің қандай ерекшелігін байқадыңдар?
6.Күз айларын ата.
7.Күз туралы қандай және кімнің өлеңдерін білесің?
8.Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?
9.Күз туралы шағын әңгіме айтып бер.
10.Жұмбақ шешу.
Күндер суып, шөп пісіп
Ел пішенін орады
Бұл қай кезде болады? (Күз)
- «Күздің кереметі» деген сөз тіркесін шығарып алу.
— Күздің кереметі дегенді қалай түсінесің?
— Күздің байлығы, молшылығы.
Күзде қандай байлыққа кенелеміз?
Жемістер, көкөністер, астық піседі. Осы жерде Венн диаграмасын пайдаланамын.
Бақта өседі Бақшада өседі
Слайдпен күзгі дастарқанды көрсету.
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» мәтіні. Автормен қысқаша таныстыру. Әдібай Табылдиев – Жамбыл облысы, Луговой ауданында 1926 жылы дүниеге келген. «Сөз бөбектегі» деген алғашқы кітабы шыққан.
Мәтінді оқып беру.Түсіндіру.
1.Түртіп алу стратегиясы
Бөліктеп оқыту
Тұтастай оқыту
Тауып оқу
4.Сергіту сәті.
Жұмбақ шешкізу.
1.Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)
2.Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)
- Іші жұмсақ,сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)
4.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
5.Басым-дене, денем бас,
Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)
- Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар. (Бидай)
Осыдан кейін «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының» топпен жұмыс технологиясын қолдандым.
1-топ. «Күз-байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2-топ. Осы мәтінге байланысты бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.
3-топ. Күз туралы өлең шығару.
Әрбір топтың жұмысын тексеру.
5.Жоспар құру.
- Күздің кереметтері
- Күз байлығы
- Қызу еңбек
6.Тапсырмалар орындау.
1-топ. Омар атайдың сөзін тауып оқу.
2-топ. Омар атайдың немерелеріне жайған дастарханын суреттеп айту.
3-топ. Омар атайдың күз дегеніміз не екнін түсіндірген әңгімесінен мәтіннен тауып оқу.
7.Дәптермен жұмыс.
1.Күз-байлық, молшылық
2.Күз ет пен май
- «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды»
8.Тірек схемасы арқылы түсіндіру.
9.Оқушыларға күзге байланысты сурет салғызу.
10.Топтастыру стратегиясы.
Күн бұлтты болады
астық піседі құстар жылы жаққа ұшады
жауын-шашын жеміс-жидектер піседі
болады
қысқа дайындық көкөністер піседі
11.Сұрақ қою.
12.Қорытынды.
Қорыта айтқанда, күзде аянбай еңбек етсек, қыста қысылмайды екенбіз.
Мақалдар.
1.Еңбегің қатты болса
Жегенің тәтті болады.
2.Еңбек етсең емесің.
3.Еңбек етпеген ішіп-жемейді.
13.Бағалау.
14.Үйге тапсырма.