«Ынтымақты отбасы» сайысы
«Ынтымақты отбасы» сайысы
Мақсаты: Ата – аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән – би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден танымын анықтау.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
Құрметті ата – аналар, балалар! Бүгін біздің «Ынтымақты отбасы» сайысы өткізілгелі отыр. Бұл сайысқа 4 отбасы қатысады. Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Аты-жөндері аталады).
Ал, енді сайысымыздың шартына тоқталайық:
«Ынтымақты отбасы» сайысы 5 бөлімнен тұрады.
- Сұрақтарға жауап беру (ұлттық тәрбиені меңгеруді байқау)
- «Күштілер, ептілер, батылдар» сайысы
- Өнерпаздар сайысы (ән айту, күй тарту, би билеу…)
- Қолөнер сайысы:
а) әкесі қамшы өреді, баласы көмекші болады
ә) Анасы ою ояды, қызы көмекші болады.
- Ас дайындау
Сайысымыздың шартымен таныстық, енді сайысымызды бастайық. Әр топтың басшысы қалаған сұрағын алсын. Сұраққа бірігіп жауап беруге болады.
1 тапсырма
- Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіз? Тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.
- Құрт қалай жасалады?
- Жатқа бір жыр айтып беріңіз (бесік жыры, тұсау кесу, төрт түлік …)
- Мақал – мәтел айтыңыз (5)
2 тапсырма
- Қазақ халық ертегілерін атаңыз (3). Біреуінің тәрбиелік мәнін ашыңыз
- Жаңылтпаштар айтыңыз
- Қазыны қалай айналдырады?
- Жұмбақ шешу
3 тапсырма
- Киіз үй жиһаздарын атаңыз
- Шешендік сөздің тәрбиелік мәнін мысалмен дәлелдеңіз
- Зергерлік бұйымдарды атаңыз
- Қандай сандарды киелі дейміз, неге?
4 тапсырма
- Төрт түлік малдың пірлерін атаңыз
- Бірнеше жұмбақ айтып беріңіз
- Халықтық педагогика дегенді қалай түсінесіз?
- 7 қазынаны атаңыз.
Сайыстың қалған бөлімдері де алдын ала дайындық бойынша өтті. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды. Жеңімпаз отбасыларға сыйлықтар тапсырылды.