8 санының құрамы

Сабақ тақырыбы:   8  санының   құрамы

Сабақ мақсаттары: а) Оқушылардың 1-ден 8-ге дейінгі санының құрамын білуге үйрету, қосу мен азайту амалдарының өзара байланысы жайлы білімдерін бекіту.

ә) 8 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санының қосындысы түрінде жазуды,  сәйкес кері азайту амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру, өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттерін дамыту.

б) Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, тез есептей білуге тәрбиелеу және цифрды дәптерге әдемілеп жазуды үйрету.

Сабақ көрнекілігі: 8-ге дейінгі цифрлар, карточкалар, дидактикалық материалдар, ойын есептер, жұмбақ есептер, интерактивті тақта.

Түрі: қайталау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, ішінара іздену, көрнекілік, ойындар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Жаңа технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

8-ге дейін тура және кері санату. 2-ден 7-ге дейінгі сандардың құрамын ауызша қайталау.

8 санына байланысты тақпақ айтқызу.

Сен де, мен де баламыз,

8 санын саламыз

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

«Жапырақ жинау» ойыны арқылы 8 саны қандай сандар қосындысынан тұратынын  есептеу. Жапырақтарға жазылған сандар арқылы құрастыру.

Мысалы:  жапыраққа жазылған 1 мен 8 саны, 2 мен 6, 3 пен 5, 4 пен 4,  5 пен 3, 7 мен 1 т.б.

Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Мәні 8 болатын теңдіктер құрастыру.

8 = 7+1                    8 = 6+2                    8 = 3+5

8 = 5+3                    8 = 4+4                    8 = 2+6

2 тапсырма.  Суреттер бойынша салыстыру.

8 > 7

7 < 8

3 тапсырма. Өрнектерді салыстыру.

7 – 1 * 7 – 5               5 – 1 * 5 + 1                 7 – 2 * 6 — 2

3 + 1 * 3 + 2              4 + 3 * 4 + 1                  1 + 6 * 1 + 2

Сергіту сәті.

Соз оң қолды оң жаққа

Соз сол қолды сол жаққа

Бір жоғары, бір төмен

Қозға қолды сілтеген.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

 

Жұмбақ есеп:

Алдында 3 балапан,                              Көлден ұшты 8 қаз,

Артында 3 балапан.                              Қайтып қонды 2 қаз.

Ақ тауық пен балапан                           Қонбады оның нешеуі,

Айтшы санын балақан                           Кәне, кім тез шешеді?

(сегіз)                                                             (алты)

 

Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма. «Математикалық жаңбыр» есебін тізбектеп шығару.

7+1-2                               2+2-1

7+1-4                               2+1-2

  • 2-1+6

 

2 тапсырма. Дәптердегі суреттерге қарай отырып, оның сюжетіне  байланысты әңгіме құрып, 8 цифрды пайдаланып, 8 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау.

 

8                         8                            8                             8

 

 

 

7       1                 2      6                    3      5             4      4

 

 

Сабақты қорытындылау.

«Орныңды тап» ойыны арқылы бекіту.