Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: а) санды және әріпті өрнектер құру, оқу, салыстыру, мәнін табу мәселелерін пысықтау .
б) Басқа жазулардан өрнектерді ажырата білу;өрнектерді мәнді белгісіне қарай топтарға бөлу , санды өрнекті құру, оқу. Санды өрнектің мәнін табу. Тік төртбұрыштың периметрін , жарты периметрін табуға, есептер шығаруға өрнектер қатысы. Бірнеше амалдар араласып келетін санды өрнектерді амалдар орындалу тәртібі заңдылығына сүйеніп орындау.
білік-дағдыларын дамыту
в) Оуқшылардың есте сақтау, зейін, қисынды ойлау қабілетін тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар. кестелер,
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру
- өткенді иысықтау
- «Кім жүйрік?» сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту
2 апта 2күн= 3апта5күн = 4апта 2күн=
2тәул.4сағ= 4тәул.6сағ = 3тәул.4сағ=
4м4см= 5м6см = 8м4см=
5км28м= 6км33м = 7км14м=
6т56кг= 7т24кг = 6т23кг=
4ц 6кг= 6ц4к=- 5ц3кг=
- Есеп шығарып, өрнек құру. Өрнек түрлерін ажырату;
а) Дәптердің бағасы 6тг, ал қаламның бағасы одан 4 есе артық Екеуінің бағасы қанша тұрады?
в) Тәрелкенің бағасы k теңге тұрады. Шәйнек одан 3 есе артық тұрады. Екеуінің бағасы қанша тұрады?
Тапсырма: Екі есептің мәндерін салыстыру. Қай есептің мәнін табу мүмкіндігі бар?
Санды және әріпті өрнектердің айырмашылығы мен ұқсастығын оқушылармен талдау.
Сергіту сәті: Ненің бойы отырғанда ұзарады?
Екі қарға қарама-қарсы бағытқа қарап отыр. Бірақ бір-бірін көріп отыр.
Бұл қалай?
Теректе 26 алма өсіп тұр Жел тұрып, үшеуі жерге түсті. Қанша алма қалды?
- Оқулықпен жұмыс: №1 жаттығу
Тапсырма: Санды, әріпті және санды теңсіздік пен теңдеуді бөліп жазу:
А+5 45-а=13-9 27> 12:4
72:а=24:3 52-а 75-а=18:9
19<20+9х2 42-15 56+14
Оқуышлармен тапсырманы талдау: Теңдеу дегеніміз не?
Санды өрнектің мәнін табуға бола ма?
Әріпті өрнектің мәнін ше?
Оқушылардың жауабын бағалау.
- Математикалық диктант.
60 пен 2-нің қосындысын 30-ға кеміт
900-ден 45 пен 33-тің қосындысын азайт
69- дың 3-ке бөліндісін 30-ға арттыр
- Өрнектердің оқылуы мен амалдар орындалуына назар аудару керек.
- Деңгейлік тапсырма:Өрнектер бойынша есеп құру, шығару
1-топ : 62-14
2-топ: 70-12х3
3-ші топ: 30х6+16х5
- Тік төртбұрыштың Р-ін, жарты Р-ін табуға арналған санды өрнектің мәнін табуға арналған жаттығулар
Тік төртбұрыштың периметрі неге тең? –Барлық қабырғалардың ұзындықтарының қосындысына тең.
Жарты пеример неге тең? –Іргелес қабырғалардың қосындысына тең
а) 3дм-7дм; 5дм+х дм
в) 8дм+8дм; а дм+а дм
2х8дм; 2ха дм
Оқушылармен қорытындылау: Тік төртбұрыштың Р-ін. жарты Р-ін өрнек түрінде жаздық.
- Сергіту сәті: Фигураларды Тор сызықтары арқылы 3 бірдей бөліктерге бөл
Шешуі: Алдымен фигура неше шаршыдан тұратындығын санап ал.Үш бөлігінде бірдей шаршылар шығатын болсын.
- Есеп шарты арқылы есеп құрастыру, шығару.
4 кг. картоп- 64 тг
40 кг. картоп-?тг
Есепті талдау: Заттың саны, құны белгілі, заттың бағасы белгісіз.
Ш. 64:4=16тг ( 1кг. картоптың бағасы) 40х16= 40х10+40х6=640
Ж: 40 кг. картоп тг 640 тұрады.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта санды және әріпті өрнекті мәніне қарай топқа бөлу, оқу, құру,салыстыру сияқты жұмыстар жасадық. Бірнеше амал бар амалдарды орындау тәртібі негізделген санды өрнек шығару жолын пысыөтадық. Тік төртбұрыштың Р-н, жарты р-н өрнек түрінде жаздық.