Су. Судың қасиеті.
Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Мақсаты:
Түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттері және оның шаруашылық маңызымен таныстыру мақсатындағы сабақта су туралы ғылыми түсінік берілді.
Көрнекті құралдар: карта, ребус, тәжірибеге керекті құрал-жабдықтар, ән.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттеу.
Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Қонақтармен амандасу
ә) Бір-біріне тілек айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІII. Жаңа сабақ.
Әуеден жаңбыр жаумаса,
Далада егін болмаса,
Кемелер жүзіп суларда,
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап,
Тіршілік суға тоймаса,
Күніміз не болар еді?
-Өлеңнен қайда қорытынды шығаруға болады?
-Сусыз тіршілік жоқ
- Тәжірибелер:
Су түссіз: стаканға су мен сүт қою, ішіндегі қасық суда көрінеді, өйткені су түссіз, мөлдір. Суда тұрақты пішін жоқ. Иіссіз.
-Су неге ағады? (параққа су құйып көрсетіледі) өйткені сұйық.
-Парақта не қалады?
-Ылғал.
-Параққа жұққан су қайда кетті?
-Бу болып ұшып кетті.
-Бу қайда кетті?
-Бу ауамен араласты.
-Мұз қалай пайда болады?
-Өзен-көлдегі судың қатуынан.
-Мұз қандай?
-Қатты.
— Яғни, су қатты күйде де болады екен. Сонымен балалар, судың 3 күйі болады: сұйық, бу, қатты. Осыны дәптерге жазып алайық.
ІІІ. Топтастыру стратегиясы. Судың қасиеттерін топтастыру.
Сергіту сәтінде «Тазалықтық досы» әні айтылады.
- Енді судың пайдасы туралы не айтуға болады?
Оқушылар жауабы (тамақ, жуыну, кір жуу, үй тазалау, т.б.).
— Яғни, сусыз ешқандай шаруа бетпейді.
— Біз суды өзен, көлдерден іше аламыз ба?
— Жоқ. Неге?
— Өйткені оның құрамында улы заттар, химикаттар бар.
— Олар суда қайдан келеді деп ойлайсындар?
— Завод, фабриканың қалдықтарынан.
— Мынау не балалар?
— Тұз.
— Бұл қайдан шығады?
— Арал көлінен. Адамдардың табиғатқа немқұрайды қарауының салдарынан Арал енді өзімізге зиян келтіріп отыр. Көл түбінде жатқан тұз ауаға ұшуда. Бұл адамға да, өсімдіктерге де, жануарларға да зиян.
— Каспий теңізінен не алынады?
— Мұнай, уылдырық.
— Аралдың кейпін кимеу үшін не істеу керек деп ойлайсындар?
— Суды тиімді пайдалану керек. Ластамау, таза ұстау, қорғау қажет.
— Суды таза ұстау үшін өзің қандай үлес қосып жатырсық?
— Краннан ағып тұрған суды жауып кетемін, суға қоқыс тастамаймын, т.б.
— Қазақ халқы су тазалығын сақтауға көп көңіл бөлген. Оны су туралы мақал-мәтелдерден, тыйым сөздерден көруге болады. Су туралы қандай мақал-мәтелдер, тыйым сөздер білесіндер?
— «Сулы жер нулы жер», «Өзен жағалағанның өзегі талмас», «Таудың көркі-бұлақ», «Судың да сұрауы бар».
Бекіту.
Топпен жұмыс:
- топ әңгіме жазады,
- топ сурет салады,
- топ жазады.
… … жу,
… … су.
Әр қатардың жұмыстарын тексеру. Оқушылар салған суреттерін түсіндіріп, әңгіме, өлендерін оқиды.
Жарнама көрссту.
Шаршағанынды басатын,
Сарайынды ашатын.
Су болмайды қашанда,
«Қайнаған судан» асатын
Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмбақ:
Бар ма, жоқ па,
Оны анық білмейсін
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)
- Өткен сабақтан ауа туралы білетіндері еске түсіріліп, Венн диаграммасымен жұмыс істелді.
Бағалау.
Үйге тапсырма.