Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.

Тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.

Мақсаты: 1.  Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға

төселдіру, өз ойын еркін айтуға машықтандыру;

  1.   Ата- ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, құстарға қамқор

болуға, адамгершілікке баулу;

  1. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, пәнге қызығушылығын,

белсенділігін  арттыру.

Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Түрі: көрнекі сабақ.

Көрнекілігі: интертақта, суреттер,тірек сызбалар.

 

Жүрісі:        І. Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

                     ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.          

Үйге: «Ана» (Б. Бұлқышев) –үзінді жаттау,

«Менің анам» — шығарма жазу.

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Психологиялық дайындық.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

  1. «Аналарға арналады».

Ана туралы ән орындау.

  1. Өлеңді оқып, түсіндіру.

Автор туралы мәлімет беру.

Ф. Оңғарсынова 1939- жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш аулында дүниеге келген. 1961- жылы Атырау университетінің «Тіл әдебиеті» факультетін бітірген. Еңбек жолын Балықшы ауданы Еркінқала аулында мұғалім болып бастап, кейін мектеп директоры қызметін атқарған. Фариза — сезімге толы өлеңдер жазатын лирик ақын.

  1.  «Қанат туралы хикая» -мәнерлеп оқу.

— Өлеңде қандай оқиға баяндалады?

— Ақын құсқа қандай қамқорлық көрсетеді?

— Құстың қанатына қарап отырып, ақын адамда қандай екі қанат болады

деп түйеді?

  • Ақынның осы ойымен келісесің бе?

(балалар пікірі ортаға салынады)

Сөздік жұмысы.

Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.

  1. Суретпен жұмыс.

Құстардың суретіне қарап, атын атау.

Құстардың пайдасы жөнінде әңгімелесу.

Құстардың қимылына қарап, ауа райын болжауға болатынын айту.

  1. Поэзия минуты.

3 қатарға өлеңді мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастыру.

  1. Шығармашылық тапсырмалар.

«Ойымнан туған өрнектер»

(ұйқас бойынша өлең құрастыру).

…   …   …    …    …     баламын,

…   …    …   …     …     аламын.

…    …  …   …   …   …

…   …   …   …   …   ананың.

9.«Жалғасын тап».

(мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру).

Ана сүтін ақтамағанды,

…   …   …   (Ешкім мақтамайды).

 

Әкеге қарап ұл өсер,

…   …   …  (Шешеге қарап қыз өсер).

 

Баланың ұяты әкеге,

…   …   …  (Қыздың ұяты шешеге).

 

Ананың көңілі балада,

…   …   …   (Баланың көңілі далада).

  1. «Қабыл ал балаңның,

Сәлемін жолдаған».

( Анаға арнап тілек жазу).

 

  1. Қорытындылау.

— Бүгінгі сабақта кім туралы әңгімеледік?

— Ата- анаға қандай құрмет көрсетеміз?

 

  1. Үйге тапсырма беру.

Үйге: өлеңді мәнерлеп оқу,

тақырып бойынша сурет салу.

 

  Бағалау.