«Ойланбақтар» әлеміне саяхат
Тақырыбы: «Ойланбақтар» әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау; олардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, дүниетанымын кеңейту; сөздік қорын молайту, қосымша ізденуге баулу; туған елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, топ аттары, ертегілерден үзінді суреттер, интерактивті тақта
Барысы: I Ұйымдастыру.
— Балалар, біз бүгін сендермен «Ойланбақтар» әлеміне саяхат жасаймыз.
— Қандай әлемді (планетаны) білесіңдер?
— Дұрыс, ал енді «Ойланбақтар» әлемін естіп көрдіңдер ме?
-Жоқ.
— Ендеше ол әлемге ойша, қиялдап саяхат жасаймыз. Бірақ ол планета бізді тектен текке кіргізе салмайды. Оған өту үшін бізді ойландыратын әр түрлі жұмбақтар шешіп, тапсырмаларды орындауымыз керек екен. Ол үшін 3 топқа бөлініп, жарыса отырып саяхат жасаймыз. Саяхатымызда әр түрлі аялдамалар болады.
I топ – Ойшылдар
II топ – Ойсақтар
III топ – Алғырлар
- «Сиқырлы сөздер» аялдамасы
«Сиқырлы сөздер» аялдамасының ханшайымы келеді, балалар сәлемдеседі.
Ханшайым:
-Балалар, «сәлем-сөздің анасы» дегендей кез келген адамның әдептілігі оның иіліп сәлем бергенінен басталады. Тағы қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?
- Сәлем!
- Ассалаумағалейкум!
- Амансыз ба?
-Басқа тілде сәлемдесуді білесіңдер ме? (орыс және ағылшын тілінде сәлемдесу). Әлемнің басқа елдерінде қалай амандасады екен? Экранға қарайық.
Қытай – нехао, Турция – мираба, Франция – бонжур
Поступишь ты вежливо и мудро,
Если, проснувшись, скажешь:
Доброе утро!
Днем говорить
Совсем не лень.
При встрече людям:
Добрый день!
Ханшайым:
— І-аялдамадан сүрінбей өттіңдер, жолдарың болсын!
ІІ. «Басқатырғы сөздер» аялдамасы.
Бұл аялдамада тапсырмаларды орындау барысында өзі айтып тұрғандай жұмбақ сөздерді табу керек.
І-топқа: Алғы жеке бөлікте
«Жалғыз» деген ұғыммын.
Барлық санға тұғырмын.
Соңғы екі бөлікте
Ескіше ай атымын,
Не ас қамдар затыңмын.
Қос екеуін, анықта
Құспын тоймас балыққа
(бір + қазан)
ІІ-топқа: Ең алғашқы бөлікте
Су үңгіген табанын,
Терең де тік жағамын.
Соңғы екі бөлікте
Құстың көкте қағатын
Қауырсыны, тап атын
Қос екеуін, дәлдікпен,
Түнде ұшар жәндікпін. (жар + қанат)
ІІІ-топқа: Алғашқы бір бөлікте
Бір аптаны атқардым
Көп қолданар тақ санмын
Ал екінші бөлікте –
Бармын бұлақ, өзенде –
Нәрмін, балмын мен елге.
Қос екеуін дұрыстап,
Жермін – қонған ырыс, бақ.
(Жеті + су)
ІІІ. «Қас-қағым сәт» аялдамасы
Сендердің мақал-мәтелді қаншалықты меңгергендеріңді көреміз.
«Отан», «Еңбек», «Оқу-білім» жайлы мақал-мәтелдерді кезектесіп айтып отырады.
Сергіту сәті ән «Кел, балалар, ойнайық».
ІV. «Аукцион» аялдамасы.
-Ана тілі пәнінен өткен шығармаларды өз білімдеріңнен «сатып аласыңдар». Ол үшін мен интерактивті тақтаға шығарманың бірінші сөзін шығарамын. Содан кейін екінші сөзін, ары қарай шығарманың аты мен авторын тапқанша рет-ретімен сөздерді шығарып отырамын. Сөз саны бойынша қай топ аз сөз санынан табады, сол топ жеңімпаз атанады.
Шығарманың авторын, тақырыбын айту керек. 1-ден 10-ға дейін ғана сөздерді шығару.
1 2 3 4 5 6 7 8
І-топ. «Шыңғыс, балам Шығыс әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын»
9 10 11
деп Әубәкір молданы … (Шоқан. Сапарғали Бегалин)
1 2 3 4 5 6 7 8
ІІ-топ. «Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет
9 10 11
боларын кім білсін». (Күмән. Машқар Гумеров)
1 2 3 4 5 6 7
ІІІ-топ. «Қазақтан келген жолаушыларды аралап, жансыз байқап, ішінде
8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
бітім алып қайтуға тұрарлық кісі болса, сынап маған алып кел».
(Қазақ, қалмақтың тыныштығы болсын. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)
1 2 3 4 5
І- топ. Отан дейміз от жаққан жерімізді
6 7 8 9
Отан дейміз өсірген елімізді. (Отан. Өтебай Тұрманжанов)
1 2 3 4 5
ІІ- топ. Бақытым бар үшінші Отан деген
6 7 8 9 10 11 12
Кім мықты? – десе біреу – Отан дер ем. (Үш бақытым. М.Мақатаев)
1 2 3 4 5
ІІІ- топ. Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
6 7 8 9 10
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! (Оқуға шақыру. А.Байтұрсынов)
- «Шытырман ертегілер» аялдамасы.
Интерактивті тақтада өздері ана тілі пәнінен өткен ертегілердің үзінді суреттері көрсетіледі. Бірақ ертегінің үзінді суреттері ретсіз шашыраңқы түрде берілген. Ертегілердің мазмұнына қарай суреттерді жүйелеп қоямыз.
І-топ. «Туған топырақ» ертегісі
ІІ-топ. «Жапалақ пен тоқылдақ» ертегісі
ІІІ-топ. «Бай мен жалшы» ертегісі
|
|
|
|
|
|
- «Оймақтай ой» аялдамасы.
|
Оқушылар бағыт сызықтармен рет-ретімен жүріп отыру керек. Сонда қазақтың нақыл сөзі шығады. Ол қандай нақыл сөз? Оның мағынасын түсіндір.
Жауабы: Ұқыпты – ұтар,
Іздеген – табар.
Қорытынды. Әр топтың ұпай саны есептеледі.
Үш топтың оқушылары жинаған ұпай санына байланысты білімдері бағаланады.