Қыстырма сөздердің сөйлемдегі жалпы ойға қосатын әр түрлі мағыналық реңктерін байқату
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздердің сөйлемдегі жалпы ойға
қосатын әр түрлі мағыналық реңктерін байқату.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Қыстырма сөз тақырыбын қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту.
ә) Тәрбиелік: Бір-бірінің ойларын тыңдауға, топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету, үлкенді сыйлауды үйренеді.
б) Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін, ой-өрістерін тапсырмалар орындату арқылы дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, үлкенді сыйлауды үйренеді.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Көрнекілігі: «Алтын қақпа» макеті қиықшалар, тірек,
сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) кезекшімен сұхбат.
ІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгін біз өткен материалдарды қорытындылау нәтижесінде сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. «Алтын қақпа» ойынының шарты: бұл қақпаның өзі бірнеше қақпадан, яғни «Тас қақпа», «Алтын қақпа» және «Алтын қақпадағы сандықшадан» тұрады. Әрбір қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер.
Оқушыларды мозайка көмегімен 3 топқа бөлеміз.
І. Тас қақпа.
Қызығушылықтарын ояту ( Елес жетелеу стратегиясы)
-Мектепке жеткенше нені көріп, қандай оқиғаларға тап болдыңдар? Осы жайлы 3-4 сөйлемнен тұратын ( ішінде қатыстырма сөздер бар) әңгіме құрастыру, топта талқылайды, ішінен біреуін оқиды. Міне, балалар, «Тас қақпаны» аштық.
ІІ. Күміс қақпа тапсырмаларын орындайды.
|
І топ: Сұрақтарға жауап береді.
ІІ топ: Берілген қыстырма сөз арқылы сөйлем құрайды.
ІІІ топ: «Қарға мен сауысқан» мәтіні соңындағы тапсырманы орындайды.
Венн диаграммасы
Қарға Сауысқан
Құс тірі табиғат
Құс қара дала құсы Құс ала
қыстап қалады
ІІІ. Алтын қақпа. Мағынасын ашу.
|
«Сөйлемді қалпына келтіру» ойыны.
а) 194- жаттығу. Тақтамен жұмыс. Әр топтан 2 оқушыдан шығып орындайды.
ә) 197- жаттығу. Ойлан, тап.
Әр топ тыныс белгісі қойылмаған қыстырма сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
ІҮ. Алтын сандық. Ой толғаныс.
Мәтін бойынша жұмыс. «Талаптың пайдасы».
І топ.
ІІ топ.
ІІІ топ.
Ү. Қорыту.
-Балалар, алтын сандықты ашу сәті келді. Ал сандықта сендерге арналған бүгінгі сабақтағы еңбектеріңнің жемісі, яғни бағаларың жатыр.
(оқушыларды орындаған жұмыстарына қарай бағалау).
ҮІ. Үйге тапсырма. 196-жаттығу, реферат.