Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер.

Сабақ. Дүниетану

Тақырыбы: Егеменді ел қорғаны-Қарулы  Күштер.

Мақсаты: Қазақстан Қарулы күштері туралы түсінік беру.

Әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. ҚР-сының Қарулы Күшінің тарихи кезеңдерін білу.

Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекіліктер,құрал- жабдықтар:компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, тест сұрақтары.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғысынан ойлау. Ой шақыру,  пікірлесу, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Психологиялық икем.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

  1. Бақылау күнделігімен жұмыс.

 

Аурайының температурасы +15С, жауын-шашын жоқ, аспан ашық.

(бақылау күнделіктеріне белгілеу.)

ІІ. І. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтарға байланысты тест сұрақтарына жауап беру.

1 сұрақ. Қазақстан Республикасының рәміздерін белгіле:

а) Орден, медаль, теңге

в) Ту, Елтаңба, Әнұран

с) Мөр, жұлдызша, жалау

2 сұрақ. Әнұраннның сөзін жазғандар…

а) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев

в) Шота Уалиханов, Нұрсұлтан Назарбаев

с) Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

3 сұрақ. Тудың авторы…

а) Жандарбек Мәлібеков

в) Шәмші Қалдаяқов

с) Шәкен Ниязбеков

4 сұрақ.Әнұранның музыкасын жазған….

а) Шота Уалиханов

в) Шәмші Қалдаяқов

с) Нұрсұлтан Назарбаев

5 сұрақ.ҚР- сы Конституциясының нешінші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп көрсетілген?

а) 7- бабында

в) 8 –бабында

с) 3- бабында

6 сұрақ. Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы » Заңды қашан қабылдаған?

а) 1992 жылы 4 маусым

в) 1997 жылы 11 шілде

с) 1991 жылы 16 желтоқсан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-….

а) орыс тілі

в) ана тілі

с) қазақ тілі

8 сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынас тілі-…

а) орыс тілі

в)мемлекеттік тіл

с) қазақ тілі

ІІ.ІІ. Өзіңді өзің тексер:

авс
1 сұрақ + 
 авс
2 сұрақ  +
авс
3 сұрақ  +
авс
4 сұрақ + 
авс
5 сұрақ+  
авс
6 сұрақ + 
авс
7 сұрақ  +
авс
8 сұрақ+  

 

   8 сұрақ- «5»

7-6 сұрақ- «4»

5-3 сұрақ-«3»

1-2 сұрақ- «2»

 

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Ребусты шеш.

( қар уық лақ Ы күшік тер)

 

-Қарулы Күштер.

-Дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер»

— Қарулы Күштер дегенді қалай түсінесіңдер?

— Әскер, Отанға қызымет ететін жауынгерлер.

-Әр мемлекеттің Қарулы Күштері болады.

-Қарулы Күштер не үшін керек деп ойлайсыңдар?

— Елді, жерді, Отанды қорғау үшін.

 

 

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Әр мемлекеттің өзінің — Қарулы  Күштері болады. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас  Қолбасшысы- Президент. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің

Жоғарғы Бас  Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев. Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды. Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысы Әділбек Жақсыбеков

 

 

 

2.

Құрылық
Әсекри әуе
Президенттік гвардия
Әскери теңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті. Ән тыңдау. Сарбаздар (қимыл жасау, бір орында адымдау)

VІ. Ой шақыру. Қаздауысты Қазыбек би:

Біз, қазақ-мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз. Осы нақыл сөзден ойға не түйдіңдер?

-Қазақ халқы достықты, бейбітшілікті жақтайтын ел, басқа елдермен жауласпаған, егер жау шапса аянбай елді қорғай білетін елміз деген.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.1.Өздіктерінен оқу.

  1. Топпен жұмыс.

Ойларын топтастыру.

 

 

 

І тап.                                                                                       ІІ топ.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық батырлар
Қазақ хандығы тұсындағы қазақ батырлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқулық суреттерімен жұмыс.

Талған Бигелдинов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова.

Ұшқыш                     пулеметші                               мерген

 

  • Оларды біз қай уақыттарда еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қоямыз?
  • 9 мамыр -Жеңіс күні.

 

VІІІ. Қорытынды.

  1. ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?
  2. ҚР Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшысы кім?
  3. Қазақстанның Қарулы Күштерін ата
  4. Президенттің тікелей өз қамқорлығындағы әскер тобы қалай аталады?
  5. Қарулы Күштер мерекесі қай күні аталып өтіледі?
  6. 9 мамыр- Жеңіс күні деп неге белгіленген?

 

ІХ. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Батыр,ерлік туралы мақал –мәтел жазу.

«Отанды қорғау-басты парызың» ой толғау жазу.(жоғары деңгей оқушылары)

 

Х. Бағалау.