М дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.
М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Өтілген дыбыстарды қайталау.
2) Оқушының логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап
айту дағдыларын және М әрпі бар сөздер ойлату арқылы сөздік
қорын дамыту.
3) Ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, карточкалар,слайд
түрі: Жаңа сабақ
әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру,көрнекілік
Сабақтың жүрісі:
І. Психологиялық ахуал
ІІ. Өткен әріптерді қайталау.
— Дауысты, дауыссыз дыбыстарды атау.
— «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы сөз ойлау.
— Суретке сөйлем ойлап айту.
ІІІ. Жаңа сабақ: (слайд арқылы көрсетіледі)
Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп – шұбар. (мысық)
а) — « мысық» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі ?
— М дыбысы, дауыссыз,үнді.
— М дыбысына байланысты сөз ойлау
ІV. Оқулықпен жұмыс:
- М көк түспен белгіленіп тұр, дауыссыз, үнді.
- моншақ, мата, оймақ,, мақта сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
- бағандағы сөздерді оқыту.
- соңындағы сөздерді жазу.
- Сергіту.
VІ. Дәптермен жұмыс: М әрпін жазу
VІІ. Жұмбақ шешу:
- Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп ? (М)
- Менде бар, сенде жоқ.
Малда бар, елде жоқ. (М)
- Тамырда бар, құмда бар,
Қамырда бар, сұмда бар. (М)
VІІІ. Буындарды оқып, сөз ойлау.
- ма, -му, — мо, (ашық буын)
Ұйқасын тап:
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат,
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты – ( жүзім)
ІХ а) «Не өзгерді?»ойыны
тал – мал, қол – мол, тақта – мақта, ата — мата
ә) «Жоқ буынды тап» ойыны
ма…., қар …, мақ…, та…, қай…
Х. Сурет бойынша диктант жазу.
доп, алма, айна, тақта, ту, мақта, ағаш, қарға.
ХІ. Топтастыру:
М
ХІІ. Мадақтап, бағалау.