Дыбыстар және мәтін туралы
Сабақтың тақырыбы: Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Дыбыстар және мәтін туралы алған білімдерін тиянақтап көрсете білу, бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Мәдениетті сөйлеу білуге, жылдамдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін, сөздік қорын, дүние танымын, белсенділігін дамыту.
Өткізу әдістері: Ойын түрінде, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Сөзтізбе» ойыны, «Кім тауып оқиды?», ті-рек сөздер, бағдаршам суреті.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Үй жұмысын тексеру.
169-жаттығу. Өлеңді оқи отырып, қоянға жазған сипаттамасын оқу. Қандай мәтін оқыдың? Мәтіннің қандай түрлері бар?
- Кітаппен жұмыс.
170-жаттығудағы мәтінді оқу.
— Не оқыдың?
— Мәтін екенін қайдан білдің?
— Мәтін не жайында айтылған?
— Мәтінге қандай ат қоюға болады?
— Барыс қандай аң?
- Біз мәтін жаза білеміз бе?
а) Тақырыбы: «Көше тәртібі».
Тірек сөздер: бағдаршам, көше қиылысында, қызыл, сары, жасыл, көшеде жүру, балалар, білу керек,, қажет,әрі орындалуы.
ә) Мәтіннің қандай түріне жатады?
- Сергіту сәті «сөзтізбек» ойыны.
- Қандай мамандық атаулары шығады?
а) т, ұ, з, а, с ш, ы, т, с, а, у
ш, ы, қ, ұ, ш е, р, д, ә, г, і, р
ә)Шыққан сөздерге дыбыстық талдау жасау.
- Кім тауып оқиды?
Дөңгелекке мақал жазылған. Сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдырып оқысаң, табасың.ОЛ не деген мақал?
Өнер алды қызыл тіл.
8.Үйге тапсырма: «Ашық сабақ» тақырыбына мәтін құрау.
- оқушылардың білімін бағалау.