Наурыз Сәкен Сейфулин
Сабақтың тақырыбы: Наурыз Сәкен Сейфулин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру өлеңнің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге және және өз беттерінше ой түйгіндей білуге төселдіру.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту танымдық білімдерін арттыру,ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа,табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың формасы: жұптық,топтық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру,талдау,жинақтау
Кестемен жұмыс: шығармашылық ізденіс
Көрнекілік: буклет Наурыз-думан, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:дүниетану еңбекке баулу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Шаттық шеңбер — дене мүшелерінің амандасуы.
ә) Шеңберде түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу
І топ Ақ түс – қыс
ІІ топ Сары – күз
ІІІ топ Жасыл – жаз
ІV топ Көк – көктем
ІІ. Біліміңді байқап көр:
1) Мәнерлеп оқу
2)әр топ бір-бір шұмақтан өз сөздерімен мазмұнын айту,талдау
3) М.Дулатовтың “Наурыз өлеңіне” пікірталас
4) Ақылды алты қалпақ
Ақ қалпақ – мағұлмат беру.
Қызыл – ішкі сезімі
Сары – логика ой айту
Жасыл – шығармашылық
Қара – теріс ой
Көк – қортындылау
Қалпақтар ойлармен бөлісу
ІІІ. Игерейік білімді:
1) Сәкен Сейфулиннің “Наурыз” өлеңіне тоқталайық.С.Сейфулин туралы мәлімет беру
2)Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру
3) Іштей оқу
4)Дауыстап оқу
5) Өлеңнің мазмұнын өз топтарында талқылау,мазмұнын бір-біріне түсіндіру.
6)Ойымды жалғастыр (Постер жасау
7)Ойланайық, кім ойшыл?
ІV. Сергіту сәті:Қара жорға
- Қайсысын қалайсың? (Мақал-мәтелдер,халық тәжірбиесі,шығармашылық өлеңдер.)
Қорытынды: М.Дулатов пен С.Сейфулиннің “Наурыз” өлеңін Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып “Наурыз” саған ұнайма деген тақырыпқа ессе жау.
Өзін-өзі бағалау парағымен жұмыс.