Қарлығаштың қасиеті

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың қасиеті

    Сабақтың мақсаты:

1).Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу; қарлығаш құсының қасиеті, адамзатқа

көмегі, тіршілігі туралы түсіндіру; қарлығаш жайындағы халық даналығының нақыл сөздерінің,

тыйым сөздерінің мәнін ашу; білімдерін толықтыру.

2).Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, ой- өрістерін, тіл

байлықтарын, сөздікқорларын дамыту.

3).Оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, тазалыққа, қамқорлыққа баулу.

 

   Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау.

   Көрнекілігі: интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын тексеріп , назарларын сабаққа аудару.

 

  ІІ. Психологиялық ахуал.

Біліммен бақыт табамыз,

Өнерменен өрістеп

Өсе берсін санамыз.

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз- еңбектену

Еңбектену арқылы

«5»- ке қолды жеткізу.

 

ІІІ. Үй тапсырмасына шолу.

М. Кеңесбаева     «Табиғатты бүлдірмейік»

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Мазмұнын айтып өту.

 

ІV. Үй тапсырмасын қорытындылау.         «Ой шақыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабақ.

Табиғат- біздің байлығымыз. Табиғаттағы әр нәрсе керек. Осы байлықтың бірі- құстар.  Олар

құстар және үй құстары болып екіге бөлінеді.

ҚҰСТАР                                                     ҮЙ ҚҰСТАРЫ

Сауысқан                                                     Тауық

Қарға                                                             Үйрек

Торғай                                                           Әтеш

Көгершін                                                      Қаз

Қарлығаш

              

Оқушылардың қызығушылығын ояту

А) Жұмбақ шешу

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)

 

Ә) Суретпен жұмыс. Қарлығашқа сипаттама

-Қарлығаш қандай құс?

-Қарлығаш қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабағымызда қарлығаштың басқа да қасиеттерімен таныс боламыз.

 

А) Қасиет- араб сөзі. Әрбір затқа, нәрсеге, адамға айырмашылық белгі, ерекшелік береді. Қасиет-

Жаратушы өзі дарытқан айырықша қабілет, құдірет.

                                                      Ребус

(Қар, л, ыдыс, ағаш, тырма, ң           қасық, и, етік, ілгіш  суреттері арқылы шешу).

                                    Қарлығаштың қасиеті

Ә) Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. Бөлім бойынша мазмұнын талдау.

— Жерге нан қиқымы шашылғандағы қарлығаштың қасиеті

-Қарлығаш қандай құс?

-Осы мәтінде қандай оқиға баяндалған?

-Мәтінді басқаша қалай атауға болады?

Оқушылардан қарлығаш жайында естіген әңгімелері,  көрген  мультфильмдері жайында сұрап өту.

Сөздік жұмыс

Саңғырық- құстың қағы, нәжісі, қиы.

Тылсым- белгісіз нәрсе, әрекет, құбылыс.

Ой шақыру

Қандай тыйым сөздер білеміз?

Сергіту сәті

Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,

Тергеніңді торғайларға берейік.

Тойған торғай томпаң- томпаң секірсің

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

 

  1. Қарлығаш жайында қысқаша қызықты мәлімет.
  2. Ұйқасын тап.

А) Қалдықты жеп тауысқан,

Алас қанат сауысқан.

Ә) Құрмандаршы тұзақ,

Жыл құсы ғой ұзақ.

Б) Тыраулаған қырда,

Құстың аты тырна.

В) Ұшып жүрген тынбай,

Кішкене құс торғай.

Г) Кез болмасын түлкі қу,

Сақ болғайсын аққу.

Ғ) Әніменен шашқан жыр,

Әнші құс қой бұлбұл.

 

VІ. Қорытынды.     Сөзжұмбақ шешу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ттнорқ  ажымұқан
ЖАеноен  зғытұрым
К       ө тпттышқан
Алтынсарин
Д        о  ыра
ғаріп
азон
шоқай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Еліміздің атын әлемге әйгілі екткен палуан.
  • Желкілдейді көк майса,

Желіндейді мал жайса,

Ауыл көшті қыстаудан

Әне, апамдар қой сауған. І.Жансүгіровтің қай өлеңінен үзінді?

  • Суға кетіп тұңшығып өлген қандай кеміргіш еді?
  • Кел, балалар, оқылық!- деп алғаш оқуға шақырған ағартушы кім?
  • Қазақтың мол мұрасы жайында жазылған М.Әлімбаевтің қай шығармасы еді?
  • Мүгедек, ауру жан сөзінің балама мағынасы
  • Ауа қабаты не?
  • Көп тілді жетік меңгерген қоғам қайраткері кім еді?

 

VІІ. Үйге тапсырма.Мәтінді оқу.

«Қарлығаш –адамның досы» тақырыбында эссе жазу.

 

VІІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы деңгейде қатынасқан оқушыларды мадақтап, бағалау.