Гүлдердің алуан түрлілігі мен маңызы

Ана тілі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыпты игерте отырып, гүлдердің алуан түрлілігі мен маңызын, пайдасын айту. Т.Молдағалиевтың өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Ақынның сөзіне жазылған әндерді  тыңдату арқылы оның өлеңдерінің басым көпшілігі табиғат сұлулығын суреттеуге арналғанына назар аударту.

  1. Өз өлкесінде өсетін өсімдіктер жайындағы білімдерін молайту. Шығармашылық деңгейін, өз бетімен іздене отырып ой қорыта алу қабілеттерін дамыту.
  2. Оқушыларды дәрілік өсімдіктердің қасиеттерін біліп, өсіп көбеюіне жағдай жасауға баулу. Әдемілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктемелер, интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, музыка, бейнелеу өнері, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Көктем айларын атаңдаршы? (наурыз, сәуір, мамыр).

-Көктем мезгілінде біздің сыныпта кімдер өз туылған күндерін тойлайды екен? (Туған күн иелері сөйлейді).

-Көктем мезгілінде ең алғаш гүлдеп, бізге көктемнің келгенін білдіретін гүлдерді атаңдаршы? (Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ).

І топ «Бәйшешек», ІІ топ «Жауқазын», ІІІ топ «Қызғалдақ» болсын.

-Балалар, алғашқы тапсырмамыз «Мәтін құрастыр» деп аталады. Әр топ  көктем жайлы 3 сөйлем айтады. Ортақ мәтін құрастырылады.

І топ. Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп жатыр.

ІІ топ. Күн ұзарып, түн қысқарды. Адамдар жеңіл киіне бастады. Қорада төрт түлік мал төлдеп, ақ көбейді.

ІІІ топ. Көктем мезгілі мерекеге толы. Жақында 8-наурыз аналар мерекесін тойладық. Қазақ халқы үшін ең асыға күтетін мереке 22-наурыз да осы көктемде тойланады. (Ұпай беру, гүлдер тарату)

Интербелсенді тақтада әсем әуен ойналып тұрады, гүлдердің суреттері көрсетіледі.

-Балалар, біз тақтадан ненің суреттерін көріп тамашаладық? (Гүлдердің).

Қандай гүлдерді білесіңдер, атаңдаршы?

-Қызғалдақ, жауқазын, бақбақ, райхан, раушан, қалампыр, лалагүл, інжугүл т.б

Біздің ата-әжелеріміз дүниеге сәби келгенде осы гүлдей жайнап өссін, әдемі болсын деп қыздарға Гүлжан, Гүлжахан, Гүлмира, Гүлзина, Гүлім, Гүлзира, Гүлдана т.б деп ат қойған.

Өсімдіктер.

Қызыл кітапқа енген    Дәрілік өсімдіктер   Бөлме өсімдіктері   Дала өсімдіктері

Ақжапырақ                      Алоэ                          Қазтабан                   Қызғалдақ

Таушымылдық               Адыраспан               Хлорофитум             Бақбақ

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз Т. Молдағалиевтің «Гүлдер» өлеңі. Тұманбай Молдағалиев Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауылында 1935 жылы 20 наурызда дүниеге келді. Ол – ақын. Ақын табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Шығармалары: «Жаңа дәптер», «Ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Қош, көктем» т.б. Ақынның өлеңдеріне бірнеше әндер жазылған. Мысалы: «Құстар қайтып барады», орындайтын Н. Өнербаев. «Бақыт құшағында», орындайтын Қ. Түнтеков. «Шақырады көктем», орындайтын Р. Рымбаева т. б.

ә) Оқулықпен жұмыс.  №2 тапсырма

І топ. 1-шумағын оқып, түсіндіреді. 2 оқушы мәнерлеп оқиды.

ІІ топ. 2-шумағын оқып, түсіндіреді. 2 оқушы мәнерлеп оқиды.

ІІІ топ. 3-шумағын оқып, түсіндіреді. 2 оқушы мәнерлеп оқиды.

б) Тапсырмаларды орындау.  №3 тапсырма

Өлеңнен қайталанған сөздерді тауып, қайталану себебіне мән беріңдер.

І топ. 1-шумақта қайталанып тұрған сөз:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер.

ІІ топ. 2-шумақта қайталанып тұрған сөздер:

Гүлдер, гүлдер не түрлі.

ІІІ топ. 3-шумақта қайталанып тұрған сөздер:

Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер. Тұра берші, тұра берші. Ұнайды, ұнайды.

Ендеше, балалар, қайталау не үшін қажет?

Қайталау – сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.

в) Сергіту сәті.

Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық.

г) Ұйқас сөздерді пайдаланып, гүл туралы 1 шумақ өлең құрастыру

———  ———  гүлдер, І топ

———  ——— гүлдер.

———  ——— балаға, ІІ топ

———  ——— далаға.

———  ——— біреуін,   ІІІ топ

———  ——— анама.

д) Шығармашылық тапсырма.

І топ. Гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін жазады.

ІІ топ: Гүлдердің суретін салады, гүл құрастырады, жасайды.

ІІІ топ. Берілген кітаптардан гүлдер жайында ақын, жазушылардың өлеңдерін оқиды, талдайды.

ІV. Сабақты бекіту, бағалау. Мақалдар

  1. Гүл қайда болса, көбелек сонда.
  2. Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас.
  3. Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.

Р. Рымбаеваның орындауындағы «Шақырады көктем» Әнін тыңдату.

Үйге тапсырма: Т. Молдағалиев. «Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау.

Бөлме гүлін отырғызу, күту, баптау.