Ұлттың көшбасшысы
Күні: 26.11.2014 жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлттың көшбасшысы
Мақсаты:
- Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
- Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
- Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі: тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Ұлттың көшбасшысы» атты 4- сыныптар арасында ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмысымызды бастаймыз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ендеше 4 – сыныптар арасында ұйымдастырылған «Ұлттың көшбасшысы» атты сыныптан тыс жұмысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
- Өз тілінде оқылмаса жыр жетім….
(мәнерлеп оқу)
- Біліміңді сынап көр ….
(ассоциация Н.Ә.Назарбаевтың өмірі туралы)
- Сандар сөйлейді… (6, 9 ,44 ,1992 ,1995, 1991, 3, 1.)
Осы сандарды қатыстырып, Елбасының , Қазақстанның елеулі күндері туралы айту.
- 1940жылы 6 шілдеде дүниеге келген.
- 1960-1969 жылдары Қарағандыдағы металлургия заводында 9 жыл жұмыс жасаған
- 44 жасында Қазақстан үкіметін басқарған
- 1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды.
- 1995 жылы Ата заң қабылданды.
- 1991жылы 1-желтоқсанда тұңғыш рет ҚР да жалпыхалықтық сайлауы өтті. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті
- 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
- Қазақстан Республикасындағы 1-нші Президент
- Тапқыр болсаң тауып көр…
Өлеңнің әр жолының соңғы сөзі беріледі. Топтар сол сөздерге сәйкес өлең ұйқастарын
шығарады.
_____________________________ разымыз,
_____________________________бәріміз,
_____________________________ ұлы жан,
_____________________________ әніміз.
Осы шарттар бойынша үш топ сынға түспекші:
І топ : 4 «А» «Бәйтерек»
ІІ топ: 4 «Ә» «Астана»
ІІІ топ 4 «Б» «Қыран»
Топтарды ортаға шақырамыз. Төрелік ететін қазылар алқасын таныстырамыз.
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: А.А. Ақылбек
- Директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Ж.А. Есенаманова
- Бастауыш сынып мұғалімі: А.Н. Нурадинова
Марапаттау
Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!