«Шымшық пен көртышқан» Василий Сухомлинский орыс жазушысы.

3-апта15.05.12. 2-күн1-сабақ
Сабақтың тақырыбы:«Шымшық пен көртышқан» Василий Сухомлинский орыс жазушысы.
СілтемеАна тілі 2сынып Алматы «Атамұра» 2002жыл, интернет.
Жалпы мақсаттарОқушыларды жаңа сабақпен таныстыру, мәтінді түсініп оқу, тіл байлықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту. Оқушыларды жұптасып, топта  жұмыс жасай білуге дағдыландыру, бірін-бірі тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу.

 

Оқыту нәтижесі1.Шымшық пен көртышқанды айыра білу.

2.Шымшықтың қай жақтан оралғанын білу.

3.Шымшықтың жауабын есте сақтап қалу.

Негізгі идеяларШымшық көзге көріне бермейтін, кішкентай ғана сұр құс. Жазда біздің жақта ұя салып, балапандарын өргізеді де, қыста Африкаға ұшып кетеді.Оған ұшу да оңай емес, себебі қанаты кішкентай ғана. Кенет ол көртышқанды кездестіреді. Екеуінің арасында әңгіме болады. Көртышқанның «Неге өзіңді сонша қинайсың? Біреу сені шақырды ма?» деген сұрағына, ол «- Отаным шақырды», деп жауап берді.
Тапсырмалар1.Тірек сөздер.

2.Оқулықпен жұмыс.

3.Ойлан-жұптас-талқыла.

4.Дәптермен жұмыс.

Кейінгі тапсырмаларӨзгерістерді бағалау

Басқа әріптестермен ақылдасу

Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау

Жүргізілетін жұмысым
УақытыМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8  минут

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.

Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу.

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы  және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

 

 

 

Бағалау критерийлері.

1.     Мәтіннің мазмұнын аша білу.

2.     Шымшық пене көртышқанға мінездеме беру.

3.     Қосымша сұрақтарға жауап беру.

4.     Жыл мезгілдерін атап, құстардың түрлерін айту.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ:  «Ит адамға адал дос» шығарма жазу.

2-топ:  Мәтіндегі Бобқа мінездеме беру.

3- топ:  Лондон қаласы туралы мәлімет беру.

 

1. Қызығушылықты ояту.

Слайд  көрсету  «Шымшық пен көртышқан»

Сұрақтарға жауап алу.

1.     Шымшық пен көртышқанның айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

2.     Олардың қандай пайдалары бар?

3.     Екеуін жылдың қай мезгілінде кездестіруге болады?

— Тақтаға тірек сөздерді жазу. (Африка, жорғалап, көгалда, өлкесі, азабын, қинайсың)

2. Оқулықпен  жұмыс.

1-топ: Мәтіннің бірінші бөлігін оқып, талқылайды.

2-топ: Мәтіннің екінші бөлігін оқып, талқылайды.

3-топ: Мәтіннің үшінші бөлігін оқып, талқылайды.

Топ бір-бірін бағалайды.

3. Ойлан-жұптас-талқыла.

Оқушыларға тапсырма беріп постерлерін қорғату

1-топ: «Көктем»  мезгілін бейнелейді.

2-топ:  Шымшықты бейнелеп, сипаттайды.

3-топ: Көртышқанды бейнелеп, сипаттайды.

 

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып, таратамын.

Сергіту сәті: «Луноход» ойыны.

 

4.Дәптермен жұмыс.

1-топ:  Шымшық қандай? және ол қыста қай жаққа ұшып кетеді?

2-топ:  Шымшық нені кездестіреді? Ол шымшықтан не деп сұрайды?

3-топ: Шымшықтың берген жауабы қандай?

 

6.Бағалау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін  бағалайық.

 

 

7.Үйге тапсырма:

1. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу.

2.Құстардың пайдасы туралы жазу.

3.Африка жері туралы  мәлімет жинақтау.

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

 

Оқушылар  бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың  мақсатына жетеді.

 

Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.Үй тапсырмасын түсіндіреді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.

Слайд бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер оқылады.

 

Әр топ мәтінмен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Берілген тапсырманың орындалуымен мұқият танысып, топқа берілген тапсырма бойынша әр оқушы жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушы тапсырманы өз бетінше ойланады және жазады.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар жұптасып бір бірімен ой бөліседі.

 

Топ бір-бірін бағалайды.

 

 

 

Өздеріне түртіп алады.

Оқушылар орындарынан тұрып, үзіліске шығады.