Ғылыми жоба Балдың пайдасы

Тақырыбы: «Балдың пайдасы»

4 «Б» сынып оқушылары

Казантаев Шайхеслям

Елеукина Айнұр

Ғылыми жетекшісі:Окасова Гүлден Маликовна

Мазмұны:

 

 

1.Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім:

 

2.1.Балдың шығу тарихы жайында.

 

2.2.Балдың түрлері.

 

2.3.Балдың құрамы.

 

2.4.Балдың жасалу жолдары.

 

2.5.Дәрігерлер кеңесі.

 

2.6.Балдың қолданылуы.

 

  1. Біздің зерттеу жұмысымыз

 

3.1.Биология кабинетінде

3.2.Химия кабинетінде

3.3.Дәрігермен кездесу

3.4.Балдың қолданылуын зерттеу

3.5.Ауылдағы омарташымен кездесу

3.6.Сауалнама нәтижесі

 

  1. Қорытынды

 

  1. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

 

Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын.Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?»

Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Айнұр,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:

«Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықзат.»

 

Осы  анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.

Біздің жобамыздың басты мақсаты— балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.

Міндеттері:

  • Балдыңпайда болу тарихыментанысу;
  • Балдыңжасалутехнологиясыментанысу;
  • Балдыңқұрамыноқып-білу;
  • Балдыңтүрлерінанықтапбілу;
  • Балдыңқалайжәнеқайжердеқолданылатыныноқып-білу.

 

Зерттеу  нысаны— адам

 

Зерттеу заты- бал

 

Зерттеудің өзектілігі-біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

 

 

 

Зерттеудің болжамы-егер біз бал  жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.

 

  Зерттеу әдістері

— ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

— бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

 

 

2.Негізгі бөлім:

2.1.Балдың шығу тарихы

Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.

Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің  Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы  тастарда бейнеленіп,сақталған екен.

 

 

 

Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында  3000  жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.

Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.

Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.

Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.

Ресейде бал жайлы 945 жылдың  Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,

қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80  пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

 

2.2.Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

 

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

 

 

 

2.3. Балдың құрамы

 

Балдың құрамы мен қуаты

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

 

2.4.Балды  жинау

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.

Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.

 

 

 

Ара ұяшықтары

Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.

Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны  сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.

 

Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.

Жұмысшы  ара  небәрі  30 – 35 күн  ғана  өмір  сүреді екен.Алайда, бал  арасының  еңбекқорлығы  бекерден – бекер  мақалға  айналмаған: өйткені, бір  бал  арасы  сағатына  6,5 км  жылдамдықпен  ұшып,  бір  жұмыс  күнінің  ішінде  шамамен 7000 гүлге  қонады  екен. Оның  барлық  органдары  гүлдеген  өсімдіктерден  шырын  жинауға  бейімделген: артқы  аяқтарындағы арнайы  щеткалары  мен себетшелері  арқылы  тозаң  жинайды  әрі  оны  тасымалдайды. Ұзын  тұмсығымен  гүл  шырынын  сорады, жемсауында  гүл  шырыны  балға  айналады,  тіпті  тапқан  шырынды  өсімдіктерін  біріне – бірі хабарлайтын  күрделі  хабарлауыш жүйесі де бар.

 

Жұмысшы  аралардың   қызметтері  қатаң  ажыратылған: біреулері  тамақ  тауып  ұяға  алып  келеді, екіншілері  оны  алып  балауызға  құяды, үшіншілері  балауызды  тазартады,  төртіншілері  қанаттарымен  ұяны  желдетеді. Бесіншілері  «күзетшілік»  қызметін  атқарып, ұяның  есігін  бағады  және  жауларын  ішке  кіргізбейді. Ал  алтыншылары  лечинкаларды  тамақтандырады.

Аналық  аралар  ешқандай  жұмыс  жасамайды  екен, олар  тек  өздерінің   күтімімен  ғана  болады  және  соны  басқа  аралардан  да  талап  етеді  екен.

Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

 

2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері

Балдың  пайдасы

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң  мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

 

Араменемдеу

Араменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» депаталады. Отандықдәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтыңбергенмәліметтерінесүйенсек, араменемдеугеараның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүлтозаңыжәнеемдікәсеріөтекүштісүтжатады. Ал ара уыныңқұрамындаадамағзасыүшінпайдалытүрліферменттер мен аминқышқылдарыжәнемилитин бар. Апитерапия арқылыкөптегенауруларды, соныңішіндеревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйкеаурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкіқұрылыс, буынаурулары, колит, асқазанжарасы, холецистит секілдіаурулардыемдеугеболады. Негізіненемгежұмысшыараларпайдаланылады. Ара уыныңшипасыбүгінгікүнітолықдәлелденген.

Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынныңасқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.

 

 

 

2.6.Балдың қолданылуы

 

Медициналық жағдайдаТағам түрлерін жасауда

 

 

Косметологиялық жағдайда

 

 

Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.

Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.

Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.

Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.

Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.

 

3.Біздің зерттеу жұмысымыз

 

3.1.Биолгия кабинетінде

Біз өз зерттеу жұмысымызды биология кабинетінен бастадық.Бұл жерде біз араның дене құрылысымен,оның жалпы түр-сипатымен таныстық.Бізге биология пәнінің мұғалімі Гаухар Есмағзамовна әңгімелеп түсіндіріп берді.

 

 

3.2. Химия кабинетінде

Содан кейінгі зерттеу жұмысымызды химия кабинетінде жалғастырдық.

Өйткені деректерді оқи отыра оның құрамында көптеген микроэлементтер бар екенін білдік.Олар-марганец,кремний,аллюминий,бор,хром т.б.

Ал негізгі бөлігі глюкоза мен фруктозадан тұрады екен.Біз соны анықтау үшін химия пәнінің мұғалімі Әлия Сапарбековның көмегіне жүгіндік.

Әлия Сапарбековна бізге балдың құрамында глюкоза бар екенін көрсету мақсатында тәжірбие жасап көрсетіп,түсіндіріп берді.

Тәжірбие өте сәтті шықты.Шынында да балдың құрамында микроэлементтер бар екен,яғни ол өте пайдалы екеніне көзімізді жеткіздік.

 

 

3.3.Дәрігермен кездесу

Балдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін,мектебіміздің дәрігері Алма Қаиркенқызымен әңгімелесіп,кеңес сұрадық.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстық.

Біздің болжауымыз бойынша балдың кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны да түсіндіріп берді. «Әрине,ол адамда аллергиялық реакция туғызуы мүмкін,оның өзінде тек кішкентай балаларда.Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға балды қолданғанда өте сақ болған жөн.» -деді.

 

 

3.4.Балдың қолданылуын зерттеу

 

Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал қосылған масканың рецептін тауып алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.

Бұл кезде бізге менің тәтем көмек көрсетті.Ол осы қоспаны  3 апта қолданып көріп,нәтижесінде бет терісінің ылғалданғанын,өңінде өзгеріс пайда болғанын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз көмектесті.Анам алма мен бал қосылған бәліш пісірді.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр маргарин,2 жұмыртқа қажет.Бізде оған көмектестік.Бұл жұмыс өте қызықты болды.

 

                             3.5. Ауылдағы омарташымен кездесу

Біз зерттеу жұмысымызды  аяқтаған соң өзіміздің ауылымызда осы бал арасымен айналысатын адам бар ма екен деп ойландық.Ауылымызда осы іспен айналысатын бірнеше адам бар екен.Солардың бірі Кондратьев Виктор Василиевичпен кездесіп,ол кісіге де өзімізді қызықтыратын сұрақтарды қойып,нақты жауап алдық.Ол кісі бізге осы іспен 1982 жылдан бастап айналысатындығын және бұл іс ол кісіге қатты ұнайтынын айтты.Балдың өте пайдалы екендігін,емдік қасиеттері туралы баяндап берді.Бұл іспен айналысу үшін көп еңбек пен шыдамдылық керек деп түсіндірді.Біз Виктор Василиевичке осы жылда мол өнім алыңыз деп сәттілік тіледік.

 

                            3.6. Сауалнама нәтижесі

Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.

Бал-бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.

Біздің осы тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта түсті.Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.

 

Балдың қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:

Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі ең пайдалы болып есептеледі?

Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (ака­ция), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.

Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды

 

  • Балды пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік.
  • Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.

 

  • Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.

 

Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.

Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.