XXI-ғасыр көшбасшысы Тақырыбы: Озық ойлы оқушы
XXI-ғасыр көшбасшысы
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы
1-жүргізуші
Сәлем достар, аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Қуантамын бәріңді,
Білімдіден қалам ба?
Құрметті: ұстаздар, оқушылар!
Сіздер: « Озық ойлы оқушы» атты сайысқа келіп отырсыздар!
Білім сайысын ашық деп жариялаймыз!
Ақыл тон аңдығанға тозбай тұғын,
Білім кен қанша болса азбай тұғын.
Қатарың озып шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз!
(ортаға қатысушылар келеді)
1: «Сұңқар тобы»
2: «Талапкер»
3: «Жас талап»
4: «Жұлдыздар»
2-жүргізуші
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде ,
Өзіндік иенің үнім бар, — дегендей, білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін!
(жеке –жеке топтар таныстырады)
- жүргізуші:
Әділ қазыға ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
1.Қолғанатова Рзагүл апай
2.Тілеужанова Алтын апай
- Гүлшара Инабатовна
2- жүргізуші
Сайыстың өтілу барысын түсіндіру Сайыс 4 бөлімнен тұрады
1-Бәйге
2-Тіл- өнер
3-Жеті жұмбақ
(бірінші бөлімнің шартын түсіндіру)
4-Тест сұрақтары бойынша жарыс,6 сұрақ беріледі.3 жауап бар,бір жауап дұрыс.
Бәйге десе бұлқынбас жас боларма-деп бірінші бөлім «Бәйгені» бастайық!
аңсаған кім?
Ал, іске сәт!
Сайыскерлеріміз тапсырманы орындағанша кезекті Байменова Нұргүлге берейік!
Тест
1.Ең бірінші бақытым-Халқым менің
… Ал екінші бақытым- Тілім менің
… Бақытым бар үшінші –Отан деген! Кімнің өлеңі?
1.Мұқағали Мақатаев
- Бауыржан Момышұлы
- Мұхтар Шаханов
2.Ұлы Отан соғысына қатысып Отанымызды жаудан қорған халық батыры кім?
- Сәбит Мұқанов
- Бауыржан Момышұлы
- Бердібек Соқпақбаев
3.Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым ақын аудармашы кім?
- Мағжан Жұмабаев
- Сәбит Мұқанов
3.Ахмет Байтұрсынұлы
4.Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.
- Тасбақа
- бақа
- Көлбақа
5.Өлеңмен жазылған шығарма?
1.Әңгіме
2.Поэма
3.Повесть
1- Жүргізуші:
«Кім жұмбаққа жүйрік»- екен
«Тіл -өнерді» жалғастырайық!
Бұл бөлімнің шарты жұмбақтың шешуін 3 тілде айтамыз! 1-Ж: 1. Бүгін киген тоным бар
Ертең болар қара тон
Қара тоным аздан соң
Болып кетер ала тон.
(Жер, Земля, а arth)
2-Ж:2.Үй үстінде ұсақ тас,
Ұстайын десем ұстатпас.
(Жұлдыз, звезда, а star)
1-Ж:3.Құтғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың.
(тұз, соль, а salt)
2-Ж:4.Қабат қабат қаптама,
Ақылың болса аттама
(Кітап,книга, а booк)
1-жүргізуші:
Көрермендер көрімдігі ретінде «Мақал сөздің- мәйегі» деп көрермендерді жарыстырсақ. Осы жұмбақтың шешулерінен мақал- мәтел шығару қажет!
2-жургізуші:
III-бөлім: «Жеті жұмбақ» бөлімінің шарты: пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қазақ тілі:
- Етістіктің райлары?
- Синоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз не?
4.Соз таптары нешеу?
- Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)
- Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
1- жүргізуші:
Биология
1.Тірі организмдерге не жатады?( Өсімдіктер, жануарлар т.б)
- Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар?(Елік ,суыр, арқар т.б)
- Өсімдік қалай қоректенеді?(Оттегімен)
- Жануар мен өсімдіктердің айырмашылығы?(жан. Жүреді, өсімдіктер біржерде өседі)
5.Қандай құстарды білесіндер?
- Тамырда қандай бөлімдер болады?( тамыр оймақшасы, өткізгіш, сору т.б)
7.Гүлдің құрылысын ата? ( аналық, аталық, тос. Т.б)
2-жүргізуші:
Физика:
1.Пішіні мен формасын сақтайтын аққыш зат? (СУ)
- Жылдамдық пен уақыт көбейтіндісі? (жол) S=V-T
- Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий)
4.Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал?
(психрометр)
5.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
(параллель)
6.Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?
(300000 км/сек.)
- Координата жүйесін енгізген ғалым?
(Дерорт)
1-жүргізуші:
География:
- Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
- Перудің астанасы? (Лима)
- Ақмола облысындағы қорық (Қорғалжың қорығы)
4.Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз?
(Мозамбик)
5.Ең биік сарқырама?
(Анхель)
- Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау?
(Айсберг)
2-жүргізуші:
Ақырғы, «Жорға» бөлімін жалғастырайық.
1.Ең ащы көл (Қарасор)
2 Көпікті күтетін жер (Аялдама)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
4.Бөле деген кім?(1 үйдің қыздарының балалары)
5.3 биді ата? (Төлеби,Қазыбекби, Әйтекеби)
6.Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
- Күрішті аймақ?(Қызылорда)
- Республика күні? (25- қазан)
9.Қасиетті сан? (7)
10.Қазақстанның астанасы? (Астана)
11.Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
- Жартылай тұщы, тұйық көл( Балқаш)
13.Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
14.Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
- Ең үлкен жануар? (піл)
16.Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)
- Тышқанның жауы? (Мышық)
18.Ойды қалай , немен жеткіземіз? (Сөйлеммен)
- Наурыз көжеге неше тағам саламыз? ( 7)
20.Карта жинағы? ( Атлас)
21.Құстың негізгі мекені? (Ұя)
22.Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
23.Елімнің қамқоры болған адамды не дейміз? (Азамат)
- Тілдің негізі не? (Сөз)
25 Аяз атаның немересі? (Ақшақар)
- Жер шарының моделі?( Глобус)
1- жүргізуші:
Шын жүйректер сыналады жарыста ,
Жарыстыңба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді
Жеңіс-мәре жақынба, әлде алыспа, — демекші ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік!
Осымен бүгінгі «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз аяқталды! Келесі кездескенше сау болыңыздар!