Гг әрпі мен дыбысы
Сабақтың тақырыбы: Гг әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға Гг әрпі мен дыбысын таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу жазуға төсілдірді.
- Ой-өрісін, ақыл-ойларын дамыту мақсатында сөз ойлап, сөйлем құрауға, сөзді буынға, дыбысқа талдай білуге үйрету.
- Салауатты оқи жаза білу. Тірек сөзге байланысты мәтін құрастыра білуге баулу. Ойын ойнату арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Гг әрпі. Суреттер. Гүл суреті. Қимақағаздар. Газет.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: баяндау, талдау, сұрақ-жауап әдісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Ой қозғау: «Моншақ әріп» ойыны.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Й бетіндегі сөздерді тізбектеп оқыту.
- Заттың атын білдіретін сөздерді тізбектеп оқыту.
- Заттың атын білдіретін сөздерді ІІІ жақта айтқызу.
Мысалы: кітап, орамал.
- Қимақағаздарды алып заттың атын жазып беру.
- Дәптерді жинақтап алу.
ІІІ . Ой қозғау.
Ойын «Кім шапшаң?».
Балаларға жапырақшалар үлестіріледі. Әр оқушы өз жапырағындағы сөзді оқып, өсімдік сабағына орналастырады. Оқи алмаған оқушыға көмек беріледі.
- Балалар нені бейнеледік?
- Гүлді.
- Қандай гүлді білесіңдер? (мәдени, жабайы, бөлме).
- Гүлді не үшін пайдаланамыз? Қай жерлерде? (тойда, туған күн кешінде, өнер адамдарына, 8 наурызда аналарымызға, ұстазға сыйлаймыз т.с.с)
- Гүл адамға не сыйлайды?
- Қуаныш, рахат, сезім
- Ендеше «гүл» деп айтайықшы.
- Қандай дыбыс естіліп тұр?
- Гг (дыбыстық талдау)
- Гг дыбысы қалай айтылып тұр? Аузымыздан кедергіге ұшырап шығып тұр.
- Ендеше қандай дыбыс?
- Дауыссыз.
- Гг (баспа, жазба түрімен таныстыру)
- Гг дыбысынан басталатын қандай кісі есімдерін білесіңдер? (Гүлсезім, Гауһар, Гүлнұр т.с.с).
Тақтадан мына сөздерді оқу. (хормен).
Гу, га, ге, го, ги.
Шеге, бәйге, кереге, егін, егеу.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Хормен мәтінді оқу. Мағынасы қиын сөздердің мағынасын ашу.
Сергіту сәті.
V.Дәптермен жұмыс.
Гг (әуелі ауаға, тақтаға соан соң, дәптерге жазу). Үлгісі ілінді.
VІ. Қорытындылау.
Ө.Тұрманжановтың «Гүл өсірем үйде» атты өлеңін оқып беру.
Гүл өсірем үйде,
Су құямын күнде
Гүл күткенді біледі,
Бойын салып күледі,
Күнде гүлін ашады
Жұпарын маған шашады.
Ойын: «Балық аулау» әр ұстаған балығының артынан жаңа әріпке байланысты буынға бөлу.
Нені білгіміз келеді | Нені білдік |
Жаңа әріп пен дыбысты. Жаңа сөздер оқуды. | Гг әрпін, дыбысты таныдық. Сөз оқып дыбысты буынға бөлуді, сөйлем құрауды үйрендік. |
Сабақта ынтамен қатысқан оқушыларды мадақтау.
VІІ. Үйден Гг әрпі мен дыбысы бетін оқып, әріп элементін салып келу.
Сабақ аяқталды.
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Мәстексай ауылы