Геометриялық фигуралар
№4. Тақырыбы: Геометриялық фигуралар
Мақсаты: Геометриялық фигуралар жайлы білетін білімін қайталай отырып «нүкте, сәуле, түзу, кесінді, сынық, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, төртбұрыш, бұрыш» деген ұғымды айта, ажырата білуге үйрету; 100 көлеміндегі сандарды жылдам қосу, азайтуға дағдыландыру; салыстырып, ойын қорыта білуін дамыту.
Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кестелер, екі таңбалы сандар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының дәптер, қалам, кітап, сызғышын, қарындашын тексеру; зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 9 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Мақсат қою кекзеңі: Тақырыбы, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Ауызша жұмыс: 1. Математикалық диктант.
- 36 мен 58 қосындысының мәнін тап. ( 36+58= 94)
- 90 мен 25 айырмасының мәнін тап. (90-25 = 65)
- Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.(23+57= 80)
- Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап. (74-37= 37)
- 69 бен 13 қосындысының мәнін тап. (69+ 13= 82)
- 60 пен 28 айырмасының мәнін тап. ( 60-28= 32)
- 45 санын 17 арттыр (45+17= 62)
- 54 санын 25 кеміт. ( 54-25= 29)
Ү. Қайталау:
- 1.Геометриялық фигураларды ата:
- Тік төрт бұрыштардың нөмірлерін ата: №1 ,3.
2.Геометриялық фигураларды сызу.
- Шаршыны тап және оның периметрін есепте: № 2. Р = 1+1+1+1 = 4 (см)
- № 4. Ұзындығы 10 см кесінді сал. Оны әрбіреуінің ұзындығы 2 см тең кесінділерге бөл. Неше кесінді шықты?
10 : 2 = 5 (кесінді)
- № 5. Сынық сызықтың ұзындығын тап:
2см 4 см 1см
3см
3см + 2см + 4см + 1см = 10 см
№ 6. Жұптасып жұмыс істеу. Қандай фигура артық? Неге?
( дөңгелек, өйткені бұрышы жоқ)
Есеп шығару. №7.
Шешуі: ( 28+24) – 15 = 52 – 15 = 37
Жауабы: Дымбілмес жексенбі күні 37 мин оқиға айтты.
Өздік жұмыс: №8 Дымбілмес есептерді дұрыс шығарды ма, тексеріп көр.
ІҮ. Білімдерін тексеру. Шығармашылық тапсырма орындау.
Әр деңгейдегі қосымша жаттығулар.
№ 10. ( Қарындаш ; Білгіш ; Дымбілмес ; Сызушы
2 . Салыстыру ұқсатығы, айырмашылығы 5 + 3 < 50 + 30 3+ 5 < 30 + 50
- Көпбұрыштарды, тікбұрыштармен салыстыру.
Ү. Сабақтың қорытындысы. Екі таңбалы сандарды салыстыру.
ҮІ Үйге тапсырма : № 9 , 8 бет. Бағалау.