Г дыбысы мен әріпі

Сабақтың тақырыбы:    Г  дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға Г дыбысы мен әріпі туралы түсінік  беру және Г дыбысы  бар сөздерді  оқи  білу дағдысын қалыптастыру, кеспе әріптерден жаңа  сөздер құрап жазуға, оқуға дағдыландыру.  

Дамытушылық: оқушыларға  сөздердің мағынасы түсіндіру  арқылы  олардың   сөздік  қорын молайту.

Тәрбиелік : Г әріпінің ережесін сақтай отырып, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың   әдісі: Сұрақ – жауап,ойын  элементтерін  пайдалану

Сабақтың көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалык  материалдар,

презентация.

Сынып: 1

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды партаға дұрыстап отырғызу.

Психологиялық  дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын шапақ тарапты.

Қайырлы күн балалар !

Қайырлы күн ұстаздар !

Ой шақыру-Дыбыс дегеніміз не?   -Әріп дегеніміз не?

  1. Үй  тапсырмасын тексеру.

-Балалар, өткен сабақта қандай дыбысты өттік ?

-Й дыбысын

-Й дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз  дыбыс.

“Буыннан сөз құрау” ойыны:  

 ған

ман                                              жан

қын                           Ай               ша

                                                  лан

Жауабы:  Айман, Айған, Айжан, Айқын, Айша, Айлан.

Жаңа сабақ:

Жұмбақ шешу

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі .

Қайсы әріптен басталған,

Аты не? Кім  шешеді?

 

-“Гүл” сөзі қай дыбыстан басталып   тұр?

-Г дыбысынан.

Г –деп айтайық.

-Г дыбысы қандай дыбыс?

-дауыссыз дыбыс.

-Г –ден басталатын сөз ойлайық

Оқулықпен жұмыс:

Дыбыстық ,буындық  талдау.

Гүл-бір буыннан,   3 әріп,3 дыбыстан тұрады,

Бір дауысты,  2 дауыссыз дыбыс.

Хормен  оқыту

Шеге             Таға               Белгі                Жаға

шегеле        тағала             белгіле          жағала

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықты тастайық,

Әдемі етіп жазайық.

Ойын  “Қол шапалақтау”

Шарты:  Егер айтылған сөздің ішінде Г  дыбысы болса,  онда қол

шапалақтайсыңдар, егер Г дыбысы  жоқ  болса,  онда қол

шапалақтамайсыңдар.

Көгершін,көбелек, бәйге,тай,гүл,балапан,гәзет,мысық,шеге,бүлдірген

Оқулықпен жұмыс.

Ай мен әтеш  (ертегі) .   Оқушыларға  тізбектей оқыту.

Жазу дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі  Г дыбысының бас әріпін жазу.

 

Тапқышбектің  тапсырмасы:  Суреттен әңгіме құрастыру:

Ойланайық: Үлгі бойынша нүктелердің орнына керекті буынды қой:

 

Буыннан  адам аттарын  құрау:

 

 Жауабы:  Гүлсәуле, Гүлдана, Гүлмира, Гүлнәр, Гүлшат, Гүлжан.

Қорытынды :           —  Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

                                    —  Г дыбысымен әріпімен таныстық.

                                    —  Г дыбысы —  дауссыз дыбыс.