Төрт түлік
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек,тпірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Ұлттықсалт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малды ұрламауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері, талдау-жинақтау, түсіндіру, суреттеу, нақыл сөздер, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка, қазақ тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, балаларды түгелдеу, оқушыларды топқа бөлу. Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту. Тақтаға жануарлардың суреті ілінеді.
Сұрақ-жауап:
— Жануарларды неше топқа бөлеміз?
— Жануарлар екі топқа бөлінеді.
— Үй жануарлары. Жабайы жануарлар.
— Үй жануарларын қалай атаймыз?
— Төрт түлік.
Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Төрт түлік» Ескен Елеубаев.
Балалар, ежелден қазақ халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік ерекше орын алған, мал шаруашылығымен айналысқан. «Малы бардың -жаны бар», «Елдің көркі-мақал » деген нақыл сөздері бар. Қазақ халқының ұлттық ойындарында төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар кездеседі. Өлеңнің авторы Ескен Елеубаев Жамбыл облысы, Қордай облысында дүниеге келген. Балаларға арналған көптеген өлеңдері бар, бұрынғы «Пионер», қазіргі «Жасұлан» газеттерінде редактор болып жұмыс істеген.
Оқулықпен жұмыс: Мағынаны тану
- Өлеңді оқушылардың мәнерлеп, тізбектеп оқуы.
- Тапсырмаларды орындау.
- Жүген, көген, ноқта буданың иесі қандай малдар
(Оқулықтан тауып оқу)
1топ: Сиыр. Буданың иесі қандай мал?
2топ: Жылқы. Жүгеннің иесі қандай мал?
3топ: Қой, ешкі. Көгенді қалай пайдаланады?
Сергіту сәті: Төлдердің даусын салу.
Әр топтың оқушылары тақпақтарын айтады.
Ойын: «Төлді қалай шақырады».
1тапсырма : Ойын «Кім тапқыр»
1топ: Мал атасы
2топ: Түліктің пайдасы
3топ: Баласын сүю
2 тапсырма: Әр топ мал атасына байланысты тақпақ айтады.
1топ: Сиыр. Зеңгі бабаға
2топ: Жылқы. Қамбар атаға
3топ: Қой, ешкі.Шопан атаға,Сексек атаға.
3тапсырма: «Кім жылдам» ойыны.
Сиыр тобы: Мал сүтінің пайдасы қандай? (Оқулықтан тауып оқу, өлеңнен тауып оқу)
Жылқы тобы: Мақал-мәтелдер айту. (Төрт түлік туралы)
Қой, ешкі тобы:малға байланысты қазақ халқының тыйым сөздері.
Шығармашылық тапсырма: ойтолғаныс.
Сиыр тобы: 5 жолды өлең құрастыру
Жылқы тобы: Сурет бойынша әңгімелеу
Қой, ешкі тобы: жануарларды сипаттау.
Қой мен ешкінің айтысы (2,3 топ)
Сиыр тобы: төрт түлік кеңесі.
Жылқы тобы: Суретпен жұмыс. Балалар жануарлардың суретіне қарап ертегі құрастырады.
Сиыр тобы: Үй жануарларының суретін тауып, сызып,боя.
Қой, ешкі тобы: Суретке қарап малтаның қалай жасалатынын әңгімелеп бер.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап.Венн диаграммасы.