Зат есімнің тәуелденуі
Сабақ тақырыбы : Зат есімнің тәуелденуі
Сабақ мақсаты : а) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың , қандайда бір
нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша
тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;
ә) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын
арттыру;
б) адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.
Типі : жаңа білім беру
Әдісі : түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі :Әмбебап тақта, карточка, кесте, әр оқушыға арналған жеке психологиялық тапсырмалары бар парақтар,
Сабақ барысы
Қызығушылықтарын ояту
Әр оқушыға тапсырмалары бар парақтар үлестіріледі. Ол парақтардан әр оқушы өз үйін тауып, белгілейді.
— Өткенге шолу (сигналдық белгілерін ұстап отырады, сол арқылы көрсетеді)
-Иә, біз сонымен өткенге шолу жасадық
-Енді, төмендегі кестені толтырайық
— Ал, қайсың тақтаға шығасың?
- Балалар тақтада сөзжұмбақ тұр, шешіп көрейік:
Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену
Оқулықпен жұмысы
311- жаттығу
Оқыту, ауызша талдату
Дос-ым, қарындас-ың …
Кестемен жұмыс ( тақтада ілулі тұр)
Сол үлгіге қарай отырып, берілген сөздерді тәуелдейміз
Түбірлері мен қосымшаларын ажырату.
-Бұлар қосымшаның қандай түрі?
Сонымен бұл жалғаулар заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады екен.
-Кестеге назар аударайық.
Тәуелдік жалғаулары оңаша, ортақ тәуелдену болып та бөлінеді екен.
Жеке оқушылармен жұмыс (карточкалар беру)
№1 Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңдар
Жайлау… бір біздің,
Қыстау… бір біздің,
Әже… ндей Алатау
Қазақ пенен қырғыздың.
№2 Балам, бала… , жаны… , бала …!
Құлағ… сал , сөйлейді ана…
Сені өсіріп, бөбег… деп
Аппақ сүт…н емізді ана… .
№3 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшір
… жолдасым, … кітабым
… табысымыз, … тәрбиешіміз
… мектебің , … кітабың
… баласы, … тапсырмасы
Дидактикалық ойын :
Әр жұмбақтың шешуін ауызша тәуелденеді.
Соңғы жұмбақты дәптерге жаздырып, «ит» сөзін тәуелдеу
313- жаттығуды талдатып, ауызша орындату
Сабақты қорыту Бағалау